Тамақтану хаттамасы ақпан айына » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану хаттамасы ақпан айына
25
ақпан
2020

Тамақтану хаттамасы ақпан айына

Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№11 ХАТТАМАСЫ


Тараз қаласы Мерзімі: 25.02.2020ж.
М.Мақатев атындағы
№14 орта мектебі
Барлығы: 7
Қатысқаны: 7

Күн тәртібінде:

І. Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның ақпан айы бойынша зерделеу қорытындысы;
ІІ. «Мектеп асханасы» акциясы аясындағы іс-шаралардың қорытындысы;
ІІ. Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар;
ІІІ. Әртүрлі мәселелер;

І. Тыңдалды: Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның ақпан айы бойынша зерделеу қорытындысы;
І.І.Сөз алды: мектептің ДОІЖО-Б.Тастанбекова :-«қаңтар айындағы отырыстың шешімі бойынша жасалған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күн тәртібінде асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның ақпан айы бойынша зерделеу қорытындысын талқылайтын боламыз»-деді. Зерделеу жұмыстарының уақытында сапалы жүргізіліп отырылуы бақылауда екендігін айтты.
Комиссия құрамы: Комисия төрайымы мектеп директоры – З.К.Нурбалтаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова, әлеуметтік педагог-С.К.Абдиева, кәсіподақ төрайымы-Г. Е.Сайлауова, ата-ана комитетінің төрайымы-Ералиева М.Т, психолог - А.А.Бекқулиева, медбике-С.Б. Биневова
І.ІІ. Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1266 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-20 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1246 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-471 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны- 361 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-110 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-368 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге. Мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: мектеп асханасының тазалығы санитариялық қағида талаптарына сәйкес, тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайының жасалуы талапқа сай, ыдыстар жеткілікті. Буфеттік тағамдардың бағасын күнделікті қою, күнделікті ас мәзірін уақытында ауыстырып отыру ескерту ретінде айтылды.


ІІ. Тыңдалды: «Мектеп асханасы» акциясы аясындағы іс-шаралардың қорытындысы;
ІІ.І.Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- мектепте 2020 жылдың 3-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» акциясы аясында іс-шаралар жоспары құрылып, жауапты мұғалімдер бекітілген. «Мектеп асханасы» акциясының мақсаты: мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын бақылау, дұрыс тамақтанудың маңызын ата-аналар мен оқушыларға насихаттау, дұрыс тамақтану мәдениетін сақтау, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбилеу, асхана жұмысын жандандыру екендігін жеткізді. Осы жағдайға байланысты «Мектеп асханасы» акциясы аясында асхананы зерделеу комиссиясының жұмыстары, бракераждық және мониторинг жүргізу комиссиясының жұмыстары бақылауда болды.
ІІІ. Тыңдалды: Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар
ІІІ.І.Сөз алды: ата-ана комитетінің төрайымы М.Т.Ералиева: - асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында ақпан айы бойынша 3 ата-анадан ұсыныстар тіркеліпті. Оның барлығы асхана жұмысына қанағаттанарлық деңгейде ойларын білдірген және өз ұсыныстарын жеткізген. Шағымдар мен ұсыныстар журналындағы ескертулер уақытында асхана қызметкерлеріне ескертіліп, дер кезінде орындалып отырылады.
IV. Тыңдалды: Әртүрлі мәселелер
IV.І. Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова:- мектеп асханасындағы апталық және күнделікті ас мәзірі міндетті түрде бекітілген және ондағы азық-түлік пен беріліп жатқан тамақтың түрі сәйкес келуі үнемі бақылауда екендігін жеткізді. Жеке гигиеналарын сақтау, жұмыс киімдерін таза ұстауды ұсыныс ретінде айтты.
IV.ІІ. Сөз алды: мектеп психологы А.Бекқұлиева:- асханаға әкелінетін барлық азық-түліктердің сапасын растайтын құжаттары бар. Буфеттік тағамдардың түрін көбейту, асхана тазалығына үнемі көңіл бөліп отыру керектігін ұсыныс ретінде айтты.

Шешім:

1.Оқушылардың мектепте дұрыс тамақтануы мақсатында сынып жетекшілері ата-анамен тығыз байланыста болуы міндеттелсін;
2.Мектеп асханасының қызметін зерделеу комиссиясының жұмысы жүйелі
жүргізілсін;
3.Ата-аналар тарапынан болған ескертулер мен ұсыныстар уақытында
ескерілсін;



Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева
Хатшы: А.Елеуова




Похожие публикации:

25 қараша 2019 Хаттама
22 қазан 2019 Хаттама
09 сәуір 2019 Хаттама №8
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив