25
қараша
2019
Хаттама
Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№7 ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы Мерзімі: 25.11.2019ж.
М.Мақатаев атындағы
№14 орта мектебі
Барлығы: 7
Қатысқаны:7
Күн тәртібінде:
І. Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қараша айы бойынша зерделеу қорытындысы;
ІІ. Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар;
ІІІ. Әртүрлі мәселелер;
І. Тыңдалды: Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қараша айы бойынша зерделеу қорытындысы;
І.І.Сөз алды: мектеп директоры З.К.Нурбалтаева:- асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс мақсаты асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау болғанын атап өтті және жасалынған жұмыстардың қараша айындағы қорытындысы талқыланатындығын айтты.
Комиссия құрамы: Комисия төрайымы мектеп директоры – З.К.Нурбалтаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова, әлеуметтік педагог-С.К.Абдиева, кәсіподақ төрайымы-Г. Е.Сайлауова, ата-ана комитетінің төрайымы-Ералиева М.Т, психолог - А.А.Бекқулиева, медбике-С.Б. Биневова
І.ІІ. Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1267 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны- 17оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1250 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 471 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны- 357 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-114 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-366 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге. Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бракераждық комиссия тобымен бірлесіп асхана жұмысын зерделеу барысында асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс мақсаты асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау болғандықтан қоймадағы азық-түліктердің сақталуы және тоңазытқыштардағы азық-түліктің сақталуы тексеріліп, талапқа сай екендігі анықталды. Көкөністердің сапасы жақсы, асхана қызметкерлерінің сырт келбеті және санитарлық-гигиеналық тазалықтары жақсы, ыдыстар жеткілікті, маркерленген.
І.ІІІ. Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова: -Тамақтың түрі: Сары май қосылған сүтке піскен «Достық» ботқасы, бал қосылған шай, сары май мен сыр қосылған бутерброд, сүзбеше, жұмыртқа.Тамақтың дәмі тексерілді, кемшіліктер болған жоқ. Азық-түліктің сапасы жақсы, буфеттік тағамдардың түрі жеткілікті, салмағы дұрыс.
ІІ. Тыңдалды: Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар
ІІ.І.Сөз алды: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Тастанбекова:-асханада шағымдар мен ұсыныстар журналы ашылған. Қараша айы бойынша 4 ата-анадан ұсыныстар айтылыпты, ата-аналар асхана тамақтарының дәмді екендігін айтып, асхана қызметкерлеріне алғысын білдірген.
ІІІ. Тыңдалды: Әртүрлі мәселелер
ІІІ. І. Сөз алды: психолог-А.Бекқулиева:- асхана қызметкерлеріне үнемі санитарлық-гигиеналық тазалықтарын сақтау керектігін ескерткенін айтты.
ІІІ.ІІ. Сөз алды: ата-аналар комитетінің төрайымы –М.Ералиева:-оқушылардың ас мәзіріндегі заттарды толық алуына мұқият болу және мейірімділік танытуды ұмытпаса деген ұсыныстар айтар едім-деп өз ойын білдірді.
Шешім:
1.«Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тегін тамақтанатын оқушылардың дұрыс тамақтануы үнемі бақылауда болсын;
2.Шағымдар мен ұсыныстар журналына мониторинг жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылсын;
3.Ата-ана мен оқушылардың сұраныстары мен ескертулері уақытында ескерілсін;
Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева
Хатшы: А.Елеуова