Хаттама » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қыркүйек
2019

Хаттама

Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№5 ХАТТАМАСЫ


Тараз қаласы Мерзімі: 20.09.2019ж.
М.Мақатаев атындағы
№14 орта мектебі
Барлығы: 7
Қатысқаны: 6

Күн тәртібінде:
І. Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қыркүйек айы бойынша зерделеу қорытындысы;
ІІ. Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар;
ІІІ. Әртүрлі мәселелер;
І. Тыңдалды: Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қыркүйек айы бойынша зерделеу қорытындысы;
І.І.Сөз алды: мектеп директоры З.К.Нурбалтаева:- асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс мақсаты асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау болғанын атап өтті және жасалынған жұмыстардың айлық қорытындысы талқыланатындығын айтты.
Комиссия құрамы: Комисия төрайымы мектеп директоры – З.К.Нурбалтаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова, әлеуметтік педагог-С.К.Абдиева, кәсіподақ төрайымы-Г. Е.Сайлауова, ата-ана комитетінің төрайымы-Ералиева М.Т, психолог - А.А.Бекқулиева, медбике-С.Б. Биневова
І.ІІ. Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1262 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны- 17оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1245 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 468 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны- 353 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-115 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-365 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге. Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бракераждық комиссия тобымен бірлесіп асхана жұмысын зерделеу барысында асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш технологиялық жабдықтар жарайды, асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасы, киімі бар, құралдар маркерленген. Зерделеу күнгі ас мәзірі мектеп басшысымен бекітілген, ондағы азық-түліктің сапасы және түрі ас мәзіріне сәйкес келді. Буфеттік тағамдардың тізімі бар. Кезекшілік кестесі ілініп тұр.
І.ІІІ. Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова: -Тамақтың түрі: Лагман(сиыр еті), балғын қиярдан салат, «С» дәрумені қосылған кептірілген жеміс компоты, нан. Ауыз суға қайнаған су графинге құйылған, ыдыстар бар. Тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ, әзірленген тамақтың сапасы жақсы, салмағы талапқа сай. Азық-түліктің сапасын растайтын сертификаттарының мерзімі өтпеген, қоймада азық-түліктің сақталуы талапқа сай. Мектеп асханасы аспаздық ыдыстармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Оқушылардың тамағының сапасын арттыру мақсатында ас мәзіріне «С» дәрумендіру жұмыстарын енгізген. Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында асханада газдалған сусындарды, пастерленбеген сүтті, тез дайындалатын тамақтарды(гамбургерлер, хот-дог, «фаст-фуд» тағамдары, чипсы, кириешка т.б, қуырылған жұмыртқа, бәліш және тағы басқа құрамында генетикалық түрлендірілген ингридиенттері бар өнімдерді қолдануға бракераждық комиссия мүшелері тарапынан тыйым салынды.
ІІ. Тыңдалды: Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар
ІІ.І.Сөз алды:директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Тастанбекова:-асханада шағымдар мен ұсыныстар журналы ашылған. Қыркүйек айы бойынша 4 ата-анадан ұсыныстар айтылыпты, 4 ата-ана асхана тамақтарының дәмді екендігін айтып, асхана қызметкерлеріне алғысын білдірген.
ІІІ. Тыңдалды: Әртүрлі мәселелер
ІІІ. І. Сөз алды: психолог-А.Бекқулиева:- оқушылардың асханада дұрыс тамақтануын үнемі қадағалап, ата-ана мен оқушылардың сұраныстарын ескеріп отыру керек екендігін айтты.

Шешім:
1.Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мен бракераждық комиссия жұмысы жүйелі жүргізілсін;
2.Шағымдар мен ұсыныстар журналына мониторинг жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылсын;
3.Ата-ана мен оқушылардың сұраныстары ескерілсін;




Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева
Хатшы: А.Елеуова










Похожие публикации:

25 қараша 2019 Тамақтану есебі
09 сәуір 2019 Хаттама №8
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив