Тамақтану есебі » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қараша
2019

Тамақтану есебі

М.Мақатаев атындғы №14 орта мектеп бойынша қараша айына асханада тамақтану есебі
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1267 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-17 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1250 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 471 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-357 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны- 114 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-366 оқушы. Тамақтың бағасы- 450 теңге.

Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының 2019 жылдың 25 қараша күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс мақсаты асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау болғандықтан қоймадағы азық-түліктердің сақталуы және тоңазытқыштардағы азық-түліктің сақталуы тексеріліп, талапқа сай екендігі анықталды.
Көкөністердің сапасы жақсы, асхана қызметкерлерінің сырт келбеті және санитарлық-гигиеналық тазалықтары жақсы, ыдыстар жеткілікті, маркерленген.
Зерделеу күнгі тамақтың түрі: Сары май қосылған сүтке піскен «Достық» ботқасы, бал қосылған шай, сары май мен сыр қосылған бутерброд, сүзбеше, жұмыртқа.Тамақтың дәмі тексерілді, кемшіліктер болған жоқ. Азық-түліктің сапасы жақсы, буфеттік тағамдардың түрі жеткілікті, салмағы дұрыс. Асханада шағымдар мен ұсыныстар журналы ашылған.
Қараша айы бойынша 4 ата-анадан ұсыныстар айтылыпты, ата-аналар асхана тамақтарының дәмді екендігін айтып, асхана қызметкерлеріне алғысын білдірген. Асхана қызметкерлеріне үнемі санитарлық-гигиеналық тазалықтарын сақтау керектігі ескертіліп, оқушылардың ас мәзіріндегі заттарды толық алуына мұқият болу және мейірімділік танытуды ұмытпау керектігі ұсыныс ретінде айтылды.


Шешім:
1.Мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның ұсыныстары мен ескертулері уақытында ескерілсін;
2.Шағымдар мен ұсыныстар журналына мониторинг жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылсын;


Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.

Похожие публикации:

02 мамыр 2019 Зерделеу Сәуір
09 сәуір 2019 Зерделеу
29 қаңтар 2019 Тамақтану айдары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив