Зерделеу Сәуір » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
мамыр
2019

Зерделеу Сәуір

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның сәуір айындағы зерделеу қорытындысы туралы ақпарат

Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау
Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К, ДОІЖО- Тастанбекова Б.М, кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог-Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі-М.Ералиева, психолог-Бекккулиева А.А.
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1240 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-20 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1220 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-299 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-204 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-95 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-415 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге.
№ Барлық оқушы саны Үйде оқитын оқушы саны

Мектепте оқитын оқушы саны

Ыс тық тамақпен қам тыл ған оқу шы саны % Оның ішінде : Буфет тік тамақ пен қамтылған оқушы лар саны %
Мемлекет қаражаты есебінен тамақтанатын аз қамтылған отбасының балалар саны % Ата-анасы ның есебінен тамақ танатын балалар саны %
1 1240 20 1220 299 25 204 68 95 32 415 34

Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының және бракераждық комиссиясының 2019 жылдың 24 сәуір күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттары бар, асхана тазалығы қанағаттанарлық жағдайда. Қолданылатын құралдар маркерленген. Тоңазытқыш іші мен ондағы заттар жарамды. Асхана қызметкерлеріне жеке-гигиенасына көңіл бөлу ескертілді. Мектеп басшысымен бекітілген күнделікті ас мәзірі бар, ондағы азық-түліктің түрі ас мәзіріне сәйкес келді, мерзімін растайтын құжаттары болды. Зерделеу жүргізілген күнгі тамақтың түрі: бұқтырылған ет, гарнир: арпа жармасы, балғын қызанақ салаты, «С» дәрумені қосылған кептірілген жеміс компоты, йогурт, нан болды. Тамақтың бағасы-450 теңге. Тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ. Буфеттік тағамдардың түрі жеткіліксіз екендігі ескерту ретінде айтылды. Барлық күнделікті қолданылатын азық-түліктің сапасын растайтын құжаттары бар.
Ұсыныс:
1. Тегін тамақтану тізіміне жаңадан қосылған оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету;
2. Ата-аналар тарапынан болған ескертулер мен ұсыныстар уақытында ескерілсін;
3. Асхана тазалығы мен қызметкерлердің жеке гигиенасы бақылауда болсын;


Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.

Похожие публикации:

09 сәуір 2019 Хаттама №8
09 сәуір 2019 Зерделеу
09 сәуір 2019 Зерделеу
29 қаңтар 2019 Тамақтану айдары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив