Зерделеу » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Зерделеу
09
сәуір
2019

Зерделеу

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның наурыз айындағы зерделеу қорытындысы туралы ақпарат

Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау
Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К, ДОІЖО-Тастанбекова Б.М, кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог-Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі-Жумагулова Н, психолог-Бекккулиева А.А.
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1237 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-20 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1217 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-289 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-191 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-98 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-411 оқушы. Тамақтың бағасы-250 теңге.
№ Барлық оқушы саны Үйде оқитын оқушы саны

Мектепте оқитын оқушы саны

Ыс тық тамақпен қам тыл ған оқу шы саны % Оның ішінде : Буфет тік тамақ пен қамтылған оқушы лар саны %
Мемлекет қаражаты есебінен тамақтанатын аз қамтылған отбасының балалар саны % Ата-анасы ның есебінен тамақ танатын балалар саны %
1 1237 20 1217 289 24 191 66 98 34 411 34

Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының және бракераждық комиссиясының 2019 жылдың 15 наурыз күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтар жарамды, асхана қызметкерлерінің жеке-гигиенасы, киімі қанағаттанарлық жағдайда, құралдар маркерленген. Ас мәзірінің болуы және ондағы азық -түліктің сәйкес келуі тексерілді. Асханада мектеп басшысымен бекітілген күнделікті ас мәзірі ілініп тұрды, зерделеу болған күнгі беріліп жатқан тамақтың түрі бекітілген ас мәзіріне сәйкес келді. Асханаға әкелінген азық-түліктің сапасын растайтын құжаттары бар. Зерделеу барысындағы ескертулер уақытында орындалып, ұсыныстар дер кезінде ескеріліп отырылды.
Асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында ІІІ тоқсан бойынша 6 ата-анадан шағым мен ұсыныстар тіркеліпті. Оның барлығы асхана жұмысына қанағаттанарлық деңгейде ойларын білдірген және өз ұсыныстарын жеткізген. Шағымдар мен ұсыныстар журналындағы ескертулер уақытында асхана қызметкерлеріне ескертіліп, дер кезінде орындалып отырылады. Балаларға берілетін тамақ уақытында салынып, дайын тұруы және суып қалмауын бақылауда ұстау керек екендігі, тамақтың сапасын растайтын құжаттарының мерзіміне көңіл бөліп, жаңа сертификаттарды талап етіп отыру керектігі ұсыныс ретінде айтылды. Зерделеу барысындағы ескертулер уақытында орындалып, ұсыныстар дер кезінде ескеріліп отырылды.
Ұсыныс:
1. Мектеп асханасының қызметін зерделеу комиссиясының жұмысы жүйелі жүргізілсін;
2. Ата-аналар тарапынан болған ескертулер мен ұсыныстар уақытында ескерілсін;
3. Асхана тазалығы мен қызметкерлердің жеке гигиенасы бақылауда болсын;


Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.




Похожие публикации:

09 сәуір 2019 Хаттама №8
09 сәуір 2019 Зерделеу
29 қаңтар 2019 Тамақтану айдары
21 желтоқсан 2018 Тамақтану айдары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив