21
желтоқсан
2018
Тамақтану айдары
М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының І тоқсан бойынша зерделеу қорытындысының есебі
Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау
Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К, ДОІЖО-Тастанбекова Б.М, кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог-Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі-Жумагулова Н, психолог-Бекккулиева А.А.
М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылып, асхана жұмысын бақылау жауапкершілігі жүктелген мектеп қызметкері бұйрықпен тағайындалды.Мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы сайланып, бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.03.2012 жылғы №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулыларын басшылыққа ала отырып, ақысыз ыстық тамақпен қамтамасыздандырылатын оқушылардың тізімі жасалып, бекітілді. Мектепте «Мектептік тамақтандыру» айдары ашылған, онда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпарат орналастырылған. Көрсетілетін қызмет беруші тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды және білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесін уақытында ұсынып отырады.
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1232 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-19 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1213 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-260 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-188 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-72 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-573 оқушы. Тамақтың бағасы-250 теңге.
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бракераждық комиссия тобымен бірлесіп 2018 жылдың 27 қыркүйек және 24 қазан күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай болды, асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық тазалықтары сақталған. Сырт киімдері бөлек киім ауыстыру бөлмесінде ілінген. Жұмысқа киетін киімдері бөлек тұрады. 27 қыркүйек күнгі зерделеу уақытындағы тамақтың түрі бұқтырылған құс еті соуста, күріш тұнбасы, орамжапырақ салаты, тәтті шай, нан. Тамақтың дәмін тексеру кезінде шайдың тәтті емес екендігі ескертілді. Тоңазытқышта азық-түліктің сақталуы талапқа сай, құрал-жабдықтар маркерленген. Ас мәзірі бекітілген, ондағы азық-түліктің сапасы және түрі ас мәзіріне сәйкес келді. Азық-түліктің сапасын растайтын сертификаттарының мерзімі өтпеген, қоймада азық-түліктің сақталуы талапқа сай. 24 қазан күнгі зерделеу уақытындағы тамақтың түрі қайнатылған шұжық, макарон тұнбасы, салат сәбізден, айран, нан болды. Тамақтың мөлшері талапқа сай берілді. Тамақтың дәмін зерделеу кезінде кемшіліктер болған жоқ. Мектеп асханасы аспаздық ыдыстармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, зерделеу барысында жиегі сынған ыдыстарды қолданыстан алып тастау ескертілді. Оқушылардың тамағының сапасын арттыру мақсатында ас мәзіріне «С» дәрумендіру жұмыстарын енгізген. Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында асханада газдалған сусындарды, пастерленбеген сүтті, тез дайындалатын тамақтарды(гамбургерлер, хот-дог, «фаст-фуд» тағамдары, чипсы, кириешка т.б, қуырылған жұмыртқа, бәліш және тағы басқа құрамында генетикалық түрлендірілген ингридиенттері бар өнімдерді қолдануға бракераждық комиссия мүшелері тарапынан тыйым салынды.Аспазшылар тарапы комиссия мүшелеріне асхана кезекшілігін бақылауды ұсынды.
Ұсыныс:
1. «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қорынан тегін тамақтанатын әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың сапалы тамақпен қамтылуы үнемі бақылауда болсын;
2.Ас блогының қызметкерлері жеке гигиена тазалықтарын сақтасын;
Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.