Тамақтану айдары » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану айдары
21
желтоқсан
2018

Тамақтану айдары

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының ІІ тоқсан бойынша зерделеу қорытындысының есебі

Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау
Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К, ДОІЖО-Тастанбекова Б.М, кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог-Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі-Жумагулова Н, психолог-Бекккулиева А.А.
Мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері ыстық тамақты ұйымдастыруға мониторинг жүргізді. М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасы 60 орынға арналған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31 бап, 2 тармақ 7) тармақшасын, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бап 14,19-тармақтарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 31.12.2015 жылғы №717 бұйрығына 1-қосымша «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру» қағидаларын, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылғы 3 қыркүйек күнгі №1142/1 бұйрығын негізге ала отырып асханада тамақтандыруды жүзеге асырады. Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1235 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-19 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1216 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 264 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-188 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-76 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-498 оқушы. Тамақтың бағасы-250 теңге. Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша жалпы асхананың санитарлық жағдайы және берілетін тамақтың сапасы жақсы, ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі талапқа сай, ыдыс жуатын бөлме таза. Ас мәзірі, сыныптардың кестесі бар. Шағымдар мен ұсыныс журналы бар. Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бракераждық комиссия тобымен бірлесіп 2018 жылдың 19 қараша және 11желтоқсан күндеріндегі асхана жұмысын зерделеу барысында асхананың тоңазытқыштарын тексеру кезінде азық-түліктердің сақталуы талапқа сай болды.Тоңазытқыштардың температуралық көрсеткіштері уақытылы журналға тіркелген.Қоймада азық-түліктердің сақталуы талапқа сай, қабырғаға тимейді және стиллаждың үстінде. Көкөністердің сапасы тексерілді. Көкөністер сұрыпталған. Сақталуы санитарлық нормаға сай. Асханада жинау жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Жинау жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар маркерленген. Мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалайтын арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Сапасыз дайындалған өнімдер мен тамақтар анықталған жоқ. 19 қараша күнгі зерделеу уақытындағы тамақтың түрі сүт қосылған жүгері ботқасы маймен, «С» витамині қосылған сүтпен какао, ірімшік, нан маймен болды. Тамақтың мөлшері талапқа сай берілді. Тамақтың дәмін зерделеу кезінде кемшіліктер болған жоқ. Буфеттегі өнімдері өте дәмді, салмақтары нормаға сай. Буфеттік тағамдардың аты мен бағасын жазып қою ескертілді. 11 желтоқсан күнгі зерделеу уақытындағы тамақтың түрі картоп тұшпарасы маймен, салат сәбізден, «С» витамині компот кептірілген, нан болды. Тамақтың түрі ас мәзірімен сәйкес келді.Тамақтануға кешіккен оқушыларға түсіністікпен қарау, оқушылардың сұранысын уақытында ұсыну ескертілді.Оқушылардың сұранысы бойынша буфеттік тағамдардың түрін көбейту ұсынылды.Тамақтануға арналған ыдыстар жеткілікті, таза. Ыдыстарды жууға арналған ерітінділер уақытылы дайындалған, күні жазылған. «Тез бұзылатын тағам өнімдерінің бракеражы» тамақ өнімдері мен азық – түлік шикізаттарының бракераж журналы бар. Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, ас мәзірінің кестесі(меню)жазылып, ілінген. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын ет тағамында міндетті түрде мал дәрігерінің ресми ветеринариялық – санитарлық сараптама құжаттары, сондай – ақ сәйкестік сертификат құжаттары бар. Зерделеу барысында бақылау тағамы болды. Дайындалған тамақтың сапасы, тамақтың мөлшері санитарлық талапқа сай әзірленген. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа, ал гарнирді бөлек ыдысқа алып +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта тәуліктік сынама сақталатыны көрінді, тек тәуліктік сынамаға қойылған тағамның күні, атауы жазылмаған.
Ұсыныс:
1. Тәуліктік сынамаға қойылған тағамның күні, атауы жазылсын;
2. Асханада алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы жаңартылсын;
3. Буфеттік тағамдардың аты мен бағасы жазылсын;


Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.

Похожие публикации:

21 желтоқсан 2018 Тамақтану айдары
21 желтоқсан 2018 Тамақтану айдары
19 қараша 2018 Тамақтану айдары
19 қараша 2018 Тамақтану айдары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив