Тамақтану айдары » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану айдары
19
қараша
2018

Тамақтану айдары

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның зерделеу қорытындысы туралы ақпарат


Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау
Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К,кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог- Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі-Жумагулова Н, тексеру топ мүшесі-Жумабекова Ж.Т.
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының 2018 жылдың 19 қараша күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында асхананың тоңазытқыштарын тексеру кезінде азық-түліктердің сақталуы талапқа сай болды.Тоңазытқыштардың температуралық көрсеткіштері уақытылы журналға тіркелген.Қоймада азық-түліктердің сақталуы талапқа сай, қабырғаға тимейді және стиллаждың үстінде. Көкөністердің сапасы тексерілді. Көкөністер сұрыпталған. Сақталуы санитарлық нормаға сай. Асханада жинау жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Жинау жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар маркерленген. Мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалайтын арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Сапасыз дайындалған өнімдер мен тамақтар анықталған жоқ. Зерделеу уақытындағы тамақтың түрі сүт қосылған жүгері ботқасы маймен, «С» витамині қосылған сүтпен какао, ірімшік, нан маймен болды. Тамақтың мөлшері талапқа сай берілді. Тамақтың дәмін зерделеу кезінде кемшіліктер болған жоқ. Буфеттегі өнімдері өте дәмді, салмақтары нормаға сай. Буфеттік тағамдардың аты мен бағасын жазып қою ескертілді.
Тамақтануға арналған ыдыстар жеткілікті, таза. Ыдыстарды жууға арналған ерітінділер уақытылы дайындалған, күні жазылған. «Тез бұзылатын тағам өнімдерінің бракеражы» тамақ өнімдері мен азық – түлік шикізаттарының бракераж журналы бар. Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, ас мәзірінің кестесі(меню)жазылып, ілінген. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын ет тағамында міндетті түрде мал дәрігерінің ресми ветеринариялық – санитарлық сараптама құжаттары, сондай – ақ сәйкестік сертификат құжаттары бар. Зерделеу барысында бақылау тағамы болды. Дайындалған тамақтың сапасы, тамақтың мөлшері санитарлық талапқа сай әзірленген. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа, ал гарнирді бөлек ыдысқа алып +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта тәуліктік сынама сақталатыны көрінді, тек тәуліктік сынамаға қойылған тағамның күні, атауы жазылмаған.
Ұсыныс:
1. Тәуліктік сынамаға қойылған тағамның күні, атауы жазылсын;
2. Асханада алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы жаңартылсын;
3. Буфеттік тағамдардың аты мен бағасы жазылсын;


Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив