әдістемелік жұмыс » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
мамыр
2017

әдістемелік жұмыс

     Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының тақырыбы:  «Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру»
Мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын жетілдіріп, әдістемелік көмек беру арқылы сабақтың сапасы мен тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
1.     Педагогтардың өздігінен білім алуын, олардың шығармашылық өсуін ұйымдастыру және жетілдіру;
2.     Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қамтамасыз ететін әдістемелік қызмет моделін жетілдіру;
3.     Оқыту технологияларын, қазіргі ақпараттық – коммуникативті технологияны, интернет ресурстарын тиімді пайдалану;
4.     Педагогтар мен оқушылардың зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткізу;
Күтілетін нәтиже:
Кәсіби біліктілігі жоғары, жаңа тұрпаттағы мұғалімнің моделі
Әдістемелік жұмыстың кезеңдері
І кезең. Педагогтардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру, дамыту мақсатында мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен ізденушілігін ұйымдастыру (2015-2016 оқу жылы)
ІІ кезең. Мұғалім – оқушы шығармашылық базасын құру. (2016-2017 оқу жылы)
ІІІ кезең. Оқушының ізденушілік қабілетін жетілдіру. Шәкірт интеллектін көтеру, қарым-қатынас мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеу. (2017-2019 оқу жылы)
Міндеттері:
1.     Оқытудың жаңа технологияларын (СТО,СКТ, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту) және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды игеру арқылы кәсіби біліктілікті дамыту;
2.     Озық  іс – тәжірибелерді оқып үйренуі, педагогтардың әдіснамалық, технологиялық, психологиялық дайындығын теориялық жағынан қамтамасыз ету;
3.     Әр оқушының өз қажеттілігі мен мүмкіндігіне сай білім алу құқығын қамтамасыз ету;
4.     Оқу және өздігінен білім алу мотивациясын дамыту;
5.     Оқу үрдісіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету;
6.     Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыру;
7.     Мұғалімдердің желілік байланысын орнату;
8.     Ғылыми – ізденушілік, инновациялық жұмыстарының нәтижесін қала, облыс көлемінде тарату, насихаттау;
9.     Кәсіби біліктілігі жоғары, жаңа тұрпаттағы мұғалімнің моделін ұсыну;
 
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы төмендегідей құрылымнан тұрады:
1.     «Зерде» ғылыми-әдістемелік орталығы;
2.     Пән бірлестіктері;
3.     «Жас мамандар» мектебі;
4.     «Озат тәжірибе» мектебі;
         
           Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары:
1.     Оқу – тәрбие жұмысының мақсат – міндеттерін, мектептің даму бағдарламасын айқындау;
2.     Ұстаздарға әдістемелік көмек беретін, кәсіби шеберліктерін шыңдай түсуіне жағдай жасайтын әдістемелік бірлестіктер жұмысына басшылық жасау;
3.     Ұстаздардың білімін жетілдіру курсынан өтіп отыруын қадағалау;
4.     Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру (оқыту семинарлары, педагогикалық оқулар, тренингтер, дөңгелек үстел, аттестация);
5.     Педагогикалық технологиялардың тиімділігін зерттеу, ұстаздардың эксперименттік – тәжірибелік  жұмыстарына белсендіру;
6.     Озат тәжірибені алмасу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
7.     Мектептің әдістемелік мәліметтер жинағын іріктеу, талдау, жүйелеу, инновациялық үрдістің нәтижелілігіне бақылау жасау;
8.     Жас мамандармен жұмыс жүргізу;
9.     Ұстаздар мен оқушыларды ғылыми шығармашылыққа баулу;
 
Бүгінгі күні мектепте 50 сыныпта 1281 оқушы оқиды. Білім сапасы 44,7 %. Оларға  дәріс беретін мұғалімдер саны -111 , оның ішінде:
-         жоғары білімді- 100;
-         арнаулы орта білімді-11;
-         жоғарғы санатты- 31;
-         бірінші санатты-35;
-         екінші санатты-26;
-         санаты жоқ-19;
       
 
 Ғылыми-әдістемелік кеңесте қаралатын мәселелердің жоспары
 
І отырыс- Қыркүйек
1.2016-2017 оқу жылына әдістемелік кеңес туралы ережені, құрамын бекіту.
2.Мектептің 2016-2017 оқу жылындағы әдістемелік жұмысының жоспарын, бірлестіктің жылдық жоспарын, шығармашылық топтарды бекіту
3.Таңдау курстары және бағдарлы сыныптардың қолданбалы курстардың бағдарламасын бекіту
4.Жас мамандарға тәлімгер бекіту
5.Әдістемелік бірлестік жетекшілерін бекіту, пән апталықтарын өткізу кестесін бекіту.
6.Аттестаттау комиссиясының құрамын бекіту.

ІІ отырыс- Қараша
1.  Мектепішілік пән олимпиадасын ұйымдастыру
2.  Дарынды оқушыларды анықтау мақсатында диагностика жүргізу:
-бастауыш буын;
-орта буын;
-жоғары буын.
3.  Тілдік пәндердің оқытылу деңгейін, сапасын (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) зерделеу қорытындысы.
 
ІІІ отырыс -Қаңтар
1.Пән бірлестіктерінің жартыжылдық жұмысының талдамасы.
2.Қалалық пән олимпиадасының қорытындысы
3.10-11 сыныптарда қолданбалы курстардың оқытылу деңгейі
4. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің жұмыс жүйесін талдау.
5. Оқу-танымдық іс-әрекеті жоғары, қабілетті оқушылармен жұмыс.
 
ІҮ отырыс -Наурыз
1.Мұғалімдерің санат дәрежесін көтеру жұмыстарын жинақтау, нұсқаулар беру.
2.9 сыныптарды бағдарлы оқытуға дайындық жұмыстары
3.ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға  дайындық жұмыс барысы
4. «Сабақта сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану әдістері» баяндама
 
 Ү отырыс -Мамыр
1.Шығармашылық топтар мен бірлестік жұмыстарының есебі
2.Оқу жоспарының вариативтік бөлігінің орындалуы
3.2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстарға сараптама
4.2016-2017оқу жылына жоспар дайындау
5.Ұстаздардың кәсіптік рейтингісін шығару

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerFling
5 Ақпан 2023 10:33
Детальнее здесь фрибут игры на xbox 360
klsieolwerFling
5 Ақпан 2023 13:58
Поподробнее на сайте взлом xbox 360