Оқушылар жетістігі » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
мамыр
2017

Оқушылар жетістігі

Дарынды оқушылармен жұмыс
     «Қазақстан-2050» стартегиясы анықтап берген және республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты  міндеттердің бірі мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық дарындылығының дамуы басты рөлді атқарып отыр.
      Мектебімізде жеке тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық рухани және табиғи мүмкіншіліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасалынған.
Соның бірі материалдық – техникалық базасы: білім ұйымы үш ғимаратта орналасқан, оқу кабинеттері – 26 (6 кабинет химия, физика, биология, 2 информатика, бастауыш сынып кабинеті  интерактивті тақтамен жабдықталған). Компьютер кабинеттері- 2, мектептегі компьютер саны -58, интернетке қосылған компьютер саны- 12, шеберхана -2, ағаш шеберханасы- 1, тігін шеберханасы- 1, кітапхана -1, ондағы кітап қоры- 30711 дана, биылғы жылы түскен оқулықтары- 4993,   көркем әдебиеттер – 8078, әдістемелік әдебиеттер- 2328, электронды
оқулықтар – 542, балалар әдебиеті -865, жалпы оқулықтар саны –19931, мәжіліс залы – 1,ондағы орындық саны -200,спорт залы-1, дәрігерлік кабинет-1,асхана-1.
      Екіншіден оқушылардың жан-жақты дамуына арналған «Өркениет» ғылыми оқушылар қоғамы, «Ертегілер елінде», «Жас суретші»  «Қылқалам шеберлері», «Өнерлі өрендер», «Шешендік өнер», «Сауаттылық елінде», «Ұлттық қолөнер», «Футбол» үйірмелері, таэквандо секциялары жұмыс жасайды. Аталған үйірмелерге мектеп оқушыларының – 60% қамтылған. Мектептің жыл сайын берілетін есебінде оқушылардың әртүрлі байқауларға, көрмелерге қатысуының нәтижелік динамикасы бақылауға алынған.
Мектебімізде дарынды балаларды анықтау, қалыптастыру, дамыту мақсатында төмендегі жұмыстар жүргізіледі:
- ғылыми жоба байқауы;
- пәндік олимпиадалар;
- интеллектуалдық байқаулар;
- пәндік байқаулар.
     Ғылыми жоба байқауы
     2016 жылыдың ақпан айында бастауыш сыныптарда «Мен зерттеуге үйренемін» атты ғылыми  жоба  байқауы     өткізілді. Байқауға  алқа мүшелері тағайындалып, жобаның бағалау  кестесі жасалып, әр окушы 5-10  минут сөз  алды.  Жұмыстың  өзектілігі, ғылымилылығы, үйлесімділігі, материялдың мазмұнын дұрыс  пайдалана білуі, көркемделуі, қорғау шеберлілігі ескерілді. Бастауыш сатыдан бастап ғылыми жұмыспен айналасуына бағыт-бағдар беру, қызығушылықтары  мен белсенділігін арттыру мақсатында өткен «Мен зерттеуге үйренемін» атты мектепшілік ғылыми жоба байқауына 2-3-4 сынып оқушылары арасынан 18 оқушы қатысып, жүлделі I орынды алған 2 оқушы қалалық байқауға қатысты. Онда «Мен зерттеуге үйренемін» атты қалалық байқауда «Нан-ас атасы» тақырыбында 2 «А» сынып оқушысы Шағдарбай Жасмин ІІІ орынды, жетекшісі Ш.Қарауылбаева. «Адыраспан» тақырыбында 3 «Ә» сынып оқушысы Әсілбек Аружан ІІІ орынды иеленді, жетекшісі А.Рысқұлбекова.
      Алматы қаласының zhas-daryn.kz интернет ресурсымен 30.11.2015ж.-3.12.2015ж. аралығында ұйымдастырылған оқушылардың  «Жас ғалым»атты Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Қазақ халқының жазба әдебиетінің даму белестеріне үлес қосқан жарқын жұлдыздар» тақырыбындағы зерттеу жұмысы мен қашықтықтан қатысып, «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Аңсатбаева Ш.Н. ІІ орынды иеленді, жетекшісі А.Т.Мысықбаева.
     Биология пәнінің мұғалімі А.Ә.Ағыбаеваның жетекшілік етуімен  zhas–daryn. kz интернет ресурсымен ұйымдастырылған оқушылардың «Жас ғалым» атты Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен қашықтықтан қатысқан 7 «В» сынып оқушысы Жорақұлова Аида ІІІ орынды иеленді. www.45minut.org Халықаралық ақпараттық порталында ұйымдастырылған ғылыми-шығармашылық конкурста «Деруменнің дүниежүзілік маңызы» атты ғылыми зерттеу жұмысы үшін 6 «А» сынып оқушысы Смаилова Амина ІІ орынды иеленді.
     Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Таза балды қалай ажыратуға болады» атты жұмысымен қашықтықтан қатысып, 4 «В» сынып оқушысы А.Бейсенбай І орынды иеленді.
     «Жарқын жұлдыз» І Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Су-тіршілік тірегі» тақырыбында зерттеу жұмысына қатысып, «Ғылымға деген құштарлығы» номинациясы бойынша 4 «Ә» сынып оқушысы Түймебай Әнел І орынды, «Киіз үй-жер шарының жарты моделі» тақырыбындағы жұмысы үшін 4 «А» сынып оқушысы Қонысбай Алуа І орынды иеленді.
     2015-2016 оқу жылында мектепшілік ғылыми жоба байқауы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша өз жұмыстарын ұсынған оқушылар мен жетекшілері жобаларын өз дәрежесінде қорғап өтті. Осы оқушылар келесі оқу жылында қалалық ғылыми жоба байқауына қатысуға ұйғарылды. Жобаға қатысқан қалған оқушылар жұмыстарын толықтырып, жұмыстарын жандандырады. Пән мұғалімі ерекшеленген баланы тереңдете дамыта отырып қалалық, облыстық конференцияларға дайындайды. Бала жеке тұлға ретінде қалыптасып, шын мәнінде ғылыми жұмыспен айналысатын дәрежеге жетеді.
 
                                                Пәндік олимпиадалар

2016 - 2017 оқу жылында қалалық пән олимпиадасына мектебімізден жаратылыстану-математика және гуманитарлық пәндер бойынша 21 оқушы қатысып, жақсы көрсеткіштерге жеткенімен орын болмады.

Облыстық «Жарқын болашақ» ІХ Республикалық «Білім-инновация» қазақ тілі олимпиадасының ІІ облыстық кезеңінің «Сөз шеберлері» байқауының жүлдегері 7 «А» сынып оқушысы Жанысбай Бағдат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Қ.Дүйсенбаева.

Облыстық «Жарқын болашақ» ІХ Республикалық «Білім-инновация» қазақ тілі олимпиадасының ІІ облыстық кезеңінің «Әнші бұлбұлдар» байқауының жүлдегері 7 «А» сынып оқушысы Мубарханова Дана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Қ.Дүйсенбаева.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастырылған оқушылар арасында өткен «Қазақ тілі» пәнінен өткізілген қашықтық олимпиадасына қатысып 7 «А» сынып оқушылары Ганиева Аружан, Смаилова Алина, 7 «А» сынып оқушылары Ынтымақ Ермахан, Мауленова Назерке,           8 «Ә» сынып оқушысы Жорақұлова Аида І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшілері  Қ.Дүйсенбаева, А.Умирбаева.

          Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «математика» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына қатысып    2 «Ә» сынып оқушылары  Миятбек Дарын, Дикеналы Досымжан І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі С.Сейсебаева.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «математика» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына қатысып 2 «В» сынып оқушылары Туғызбаева Г. Омарова А. Серік Х, Қосай Н, Бекей Қ.  І орынды иеленді, жетекшісі Б.Оралханова.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «математика» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына 4 «Ә» сынып оқушылары А.Өсербай, Д.Борис, Д.Асқар, А.Асилбек, Д.Зайнудин қатысып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі А.Рықұлбекова.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «математика» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына  2 «Б» сынып оқушылары Ж.Лесбек, А.Нурмухан, Д.Тукенов, А.Мутали, Р.Файзрахман  қатысып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Г.Махажанова.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «математика» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына қатысып А.Абдурахманов, А.Жанбай, А.Әбілхан, Н.Ақмолда, А.Ерғазы І-дәрежелі дипломмен  марапатталды, жетекшісі Толебекова Ж.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Ағылшын тілі» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына 8 сынып оқушысы Асан Аяна І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Ж.Бекбергенова.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Орыс тілі» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадаға   6  «Б» сынып оқушылары Наурызбаева Адема, Уалихан Әйгерім қатысып              І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Г.Сайлауова.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Бейнелеу өнері» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына 4 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенбек Бексұлтан, Жандарбек Дина, Марат Динара, 6 сынып оқушылары Молдабекова Әсем, Биболат Нұртілеу І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Б.Сайлаубекова.

Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қауымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Технология» пәнінен  өткізілген қашықтық олимпиадасына 4 сынып оқушылары Саукынбек Камшат, Әсилбек Аружан, Саттар Жанерке, Борис Дәулет, 7 «В» сынып оқушысы Алтыбай Ақтоты  І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшілері П.Умирзакова, Л.Тиленшиева.

Всероссийский  конкурс «Вопросита» Блиц –олимпиадада: 3 «А» сынып оқушысы  Қали Әсем ІІ орынды иеленді, жетекшісі Ш.Қарауылбаева.

Халықаралық «Солнечный свет» интернет олимиадасында география пәнінен  6 «А» сынып оқушысы Садыков Ербосын І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі: Арымбаева С.Д.

Халықаралық «Весна – 2017» қашықтық олимиадасында география пәнінен  6 «Ә» сынып оқушысы Кобеев Жамит ІІІ орынды иеленді, жетекшісі: Арымбаева С.Д.

Халықаралық «Осень – 2016» қашықтық олимиадасынан география пәнінен  6 «Ә» сынып оқушысы Кобеев Жамит ІІ орынды иеленді, жетекшісі: Арымбаева С.Д.

Халықаралық «Осень – 2016» қашықтық олимиадасынан химия пәнінен  8 «А» сынып оқушысы А. Рашидова І орынды иеленсе, биология пәні бойынша қатысқан 6 «А» сынып оқушысы А.Еркінбек  ІІ орынды иеленді, жетекшілері Г.Амирбекова, С.Малденова.

Желтоқсан айында география пәнінен өткен Халықаралық Монопәндік Турнирге қатысқан 6 «В» сынып оқушысы Садықов Ердос ІІ орын, 9 «А» сынып оқушысы Сабденбекова Аружан ІІІ орынды иеленді, жетекшісі: Арымбаева С.Д.

Халықаралық «Белый медвежонок» атты қашықтық олипиадасына            3 «Б» сынып оқушысы Түрекелді Тәңірберген қатысып, І орынды иеленді, жетекшісі Ү.Тұрсымбет.

Халықаралық «Апрель -2016»  олимпиадасында 5 «Ә» сынып оқушысы Жарас Мадина І және ІІІ орынды иеленді.  7-ші сыныптар арасында өткен халықаралық «Весна-2016» олимпиадасында 7 «Б» сынып оқушысы Қанатқызы Жадыра, 7 «Г» сынып оқушысы Сартаева Альбина І орынды иеленді. Халықаралық «Осень -2016» олимпиадасында  6 «Г» сынып оқушысы Сартаева Альбина І орын,  6 «Ә» сынып оқушысы Жарас Мадина ІІ орын,           8 «Б» сынып оқушысы Қанатқызы Жадыра  І орынды иеленді, жетекшілері А.Абирова, Ж.Бекбергенова, Г.Амирбекова, С.Малденова.

         Халықаралық  «Осень-2016» қашықтық олимпиадада физика пәнінен       9 «А» сынып оқушысы Сабденбекова Аружан ІІ орын иеленді, жетекшісі Л.Жаңабаева.

         «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына қатысқан  8 «Г» сынып оқушылары Ш.Ходжабай, Ә.Таңжарықова, Д.Алшора, С.Онгарова , 8 «А» сынып оқушылары А. Асқарбек, А.Маханбеталы, А.Асан, Б.Дүрмбек,  Ж. Ганиева, Ж. Қанат, А. Рашидова, М. Тлеуқұл, Ж.Қанат, І орын иеленді. 7 «А» сынып оқушылары А.Ұлан , Ә.Темірхан, Д.Жамбыл , 7 «Б» сынып оқушылары Б.Куанышбекова, М.Аспандияр, Е.Ынтымаков, А.Мынбас, 7 «Ә»  сынып  Каленов Абай, Н.Мауленова, 8 «Г» сынып оқушысы И.Балтабаева ІІ орынды иеленді. 6 «В» сынып оқушылары Н. Онгаров,               М. Бегімбай ІІІ орын иеленді.            

       Республикалық «Кенгуру – математика үшін» интеллектуалдық марафонында  8 «Г» сынып оқушысы Ходжабай Шүкираллах ІІІ орынды иеленді.

        Халықаралық  "British Buldog" конкурсқа қатысып, 3 «А» сынып оқушысы Кален Айдар, 4 «А» сынып оқушылары Қамбланбек Нурай, Қамбланбек Жұлдызай, 6 «А» сынып оқушысы Султанбек Мурат , 11 «А» сынып оқушылары Юсупова Дина , Сыздық Фахима, 4 «Ә» Маликайдар Алиби І орын иеленді.

        Халықаралық «Кенгуру-лингвист» конкурсына қашықтықтан қатысып,     3 «Ә» сынып оқушысы Дулат Альмира, 4 «А» сынып оқушысы Қамбланбек Нурай, 4 «Б» сынып оқушысы Маликайдар Алиби, 8 «Б» сынып оқушысы Тлеуқұл Мерей, 10 «А» сынып оқушысы Көбеева  Альфия, 10 «Ә» сынып оқушысы Аминова Гүлсім ІІІ орынды иеленді.

          Халықаралық «Русский медвежонок» конкурсына 7 «А» сынып оқушысы Тукенова Айлин қатысып, І орын иеленді.

         «ІY Жас Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда 6 сынып оқушысы Ерғалиева Айдана ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

         11«Ә» сынып оқушысы А.Ямирбаева М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Университеттік технологиялық бизнес – инкубатор» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен студенттер мен мектеп оқушыларына арналған «VІ Жас дарын»  Республикалық ғылыми –практикалық конференциясына қатысып ІІІ дәрежелі дипломды иеленді, жетекшісі биология пәнінің мұғалімі С.О.Малденова алғыс хатпен марапатталды.

 «ІY Жас Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында        8 «А» сынып оқушысы Асқарбек Анель, 8 «Ә» сынып оқушысы Қасымбаев Әділет, 10 «Ә» сынып оқушысы Абдиева Сабина  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

          «Ер есімі – ел есінде» Республикалық интернет байқауға Серикбай Нұрдәулет қатысып, І орынды иеленді.

2016ж «Менің отбасым» атты қалалық шығармалар байқауына қатысып          2 «В»сынып оқушысы Әлімбай Ж. І орынды иеленді, мұғалімі  Оралханова Б.

2016ж «Менің отбасым» атты қалалық шығармалар байқауына қатысып 4 «Ә» сынып оқушысы   Айдарқызы А. қатысып І орынды иеленді, мұғалімі Рысқұлбекова А.

Қалалық «Юный филолог» атты конкурсқа 11 «А» сынып оқушысы Юсупова Дина қатысып, ІІІ орынды иеленді.

Қалалық оқушылар арасында өткен «Ақберен» байқауында «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Аминова Гүләсем ІІ орынды иеленді.

Қалалық «Әнші балапан» ән байқауына Мубарханова Дана қатысып, ІІ орынды иеленді.

Қалалық патриотты ән байқауына қатысып 0 –сынып оқушысы Мұхтархан Айым ІІІ орынды иеленді. Мұғалімі Аманжолова Г.

         «Қош келдің Наурыз!» Республикалық сурет байқауына 3 сынып оқушысы Ақмолдаев Әділет қатысып, бас жүлдені иеленді.

«Шебер қолдар» қалалық қолөнер фестивалінде 3 сынып оқушысы Пірназар Ләззат І орынды, Ергалиева Айдана ІІ орынды  иеленді.

Қалалық мектеп оқушылар арасында өткізілген тоғызқұмалақ ойыны жарысында 8 «А» сынып оқушысы А.Саттарова ІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды.

Облыстық жекпе-жек түрлерінен олимпиада Дзюдо күресінен өткен жарыста 32 кг салмақта И.Тілеухан ІІІ орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.

Облыстық қыздар арасында өткен кіші футболдан Саттар Аружан  І орынды иеленді.

ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық қыздар арасында өткен баскетболда 7 «Б» сынып оқушысы А.Сағындықова  І орынды иеленді.

 Республикалық «Дзюдо-батыр» клубында жасөспірімдер арасында 35кг салмақта И.Тилухан ІІІ орынды иеленді.

ІІ республикалық «Дружба народов» турнирінде жасөспірімдер арасындағы самбо күресінен А.Қазақбаев І орынды иеленді.

Республикалық қыздар арасында өткен «Жаңа жыл» баскетбол турнирінде 8 «Б» сынып оқушысы А.Сагындыкова І орынды иеленді. Республикалық «Наурыз 2016» футболдан өткен турнирде Ғ.Қалқабай І орынды иеленді.

2016 жылы қыздар арасында өткен баскетболдан республикалық чемпионатта 7 «Б» сынып оқушысы А.Сағындықова ІІІ орынды иеленді.

Халықаралық жасөспірімдер арасында өткен футбол турнирінде  Ғ.Қалқабай ІІІ орынды иеленді.

     

Оқушылардың олимпиадаларға қатысу көрсеткіштері:

 

Олимпиадалар

2014-2015

оқу жылы

2015-2016

оқу жылы

2016-2017

оқу жылы

Өзгеріс динамикасы

Қалалық

-

2

-

-2

Облыстық

2

1

2

+1

Республикалық

2

1

40

+39

Халықаралық

10

6

16

+10

Барлығы

14

10

58

52

 

 

Мектепішілік олимпиадалар

 

Сынып

2014-2015

 оқу жылы

2015-2016

 оқу жылы

2016-2017

 оқу жылы

Өзгеріс динамикасы

4

12

10

28

+18

5-8

187

210

250

+40

9-11

118

130

129

-1

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив