Хаттама №8 » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хаттама №8
09
сәуір
2019

Хаттама №8

Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№8 ХАТТАМАСЫ


Тараз қаласы Барлығы: 7
М.Мақатев атындағы Қатысқаны: 6
№14 орта мектебі
Мерзімі: 15.03.2019ж.
Күн тәртібінде:
І. Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның ІІІ тоқсан бойынша зерделеу қорытындысы;
ІІ. Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар;
ІІІ. Әртүрлі мәселелер;
І. Тыңдалды: Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның ІІІ тоқсан бойынша зерделеу қорытындысы;
І.І.Сөз алды: мектеп директоры З.К.Нурбалтаева:- «Бүгінгі күн тәртібінде асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның ІІІ тоқсан бойынша зерделеу қорытындысын талқылайтын боламыз»-деді. Зерделеу жұмыстарының уақытында сапалы жүргізіліп отырылуы бақылауда екендігін айтты.
Комиссия құрамы: Комисия төрайымы мектеп директоры – З.К.Нурбалтаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова, әлеуметтік педагог-С.К.Абдиева, кәсіподақ төрайымы-Г. Е.Сайлауова, ата-ана комитетінің төрайымы-Ералиева М.Т, психолог - А.А.Беккулиева, медбике-С.Б. Биневова
І.ІІ. Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1237 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-20 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1217 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-289 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны- 191 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-98 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-411 оқушы. Тамақтың бағасы-250 теңге. Мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтар жарамды, асхана қызметкерлерінің жеке-гигиенасы, киімі қанағаттанарлық жағдайда, құралдар маркерленген. Асханаға әкелінген азық-түліктің сапасын растайтын құжаттары бар. Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторнинг жүргізу жөніндегі комиссияның бракераждық комиссия тобымен бірлесіп 2019 жылдың 28 қаңтар, 26 ақпан, 15 наурыз күндерінде мектеп асханасында тамақтанудың ұйымдастырылуына зерделеу жұмыстары жүргізілуді. Зерделеу барысындағы ескертулер уақытында орындалып, ұсыныстар дер кезінде ескеріліп отырылды.
ІІ. Тыңдалды: Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар
ІІ.І.Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова:- асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында ІІІ тоқсан бойынша 6 ата-анадан шағым мен ұсыныстар тіркеліпті. Оның барлығы асхана жұмысына қанағаттанарлық деңгейде ойларын білдірген және өз ұсыныстарын жеткізген. Шағымдар мен ұсыныстар журналындағы ескертулер уақытында асхана қызметкерлеріне ескертіліп, дер кезінде орындалып отырылады.
ІІІ. Тыңдалды: Әртүрлі мәселелер
ІІІ.І. Сөз алды: мектептің ДОІЖО-Б.Тастанбекова :- мектеп асханасындағы ас мәзірі міндетті түрде бекітілген және ондағы азық-түлік пен беріліп жатқан тамақтың түрі сәйкес келуі үнемі бақылауда екендігін жеткізді.
ІІІ.ІІ. Сөз алды: ата-ана комитетінің төрайымы М.Т.Ералиева: -балаларға берілетін тамақ уақытында салынып, дайын тұруы және суып қалмауын бақылауда ұстау керек екендігін жеткізді. Мектептің асхана қызметкерлеріне ұсыныс ретінде айтылғанын және тамақтың сапасын растайтын құжаттарының мерзіміне көңіл бөліп, жаңа сертификаттарды талап етіп отыру керектігін жеткізді.

Шешім:
1. Мектеп асханасының қызметін зерделеу комиссиясының жұмысы жүйелі жүргізілсін;
2. Ата-аналар тарапынан болған ескертулер мен ұсыныстар уақытында ескерілсін;
3. Асхана тазалығы мен қызметкерлердің жеке гигиенасы бақылауда болсын;


Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева
Хатшы: А.Елеуова












Похожие публикации:

09 сәуір 2019 Зерделеу
09 сәуір 2019 Зерделеу
29 қаңтар 2019 Тамақтану айдары
21 желтоқсан 2018 Тамақтану айдары
19 қараша 2018 Тамақтану айдары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив