Тамақтану айдары » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану айдары
29
қаңтар
2019

Тамақтану айдары

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қаңтар айындағы зерделеу қорытындысы туралы ақпарат

Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау
Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К, ДОІЖО-Тастанбекова Б.М, кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог-Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі-Жумагулова Н, психолог-Бекккулиева А.А.
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1225 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-20 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1205 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-308 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-192 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны- 116 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-502 оқушы. Тамақтың бағасы- 250 теңге.
Асханадағы жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы тексерілді, барлық азық-түліктің сапасын растайтын сертификаттары бар, мерзімі өтпеген. Тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексерілді, күнделікті азық-түлікті сақтауға жарамды, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуы тексерілді, зерделеу барысында өнім мен дайын тағамдардың мерзімі мен сақталуы талапқа сай болды.
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының және бракераждық комиссиясының 2019 жылдың 28 қаңтар күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай, қолданылатын құралдар маркерленген, құралдардың өз орнында тұру керектігі ескертілді. Аспазшылардың артық киімі бар, бөлек тұрады. Қоймадағы сақталатын азық-түліктердің аттары жазылған, тоңазытқыштағы азық-түліктің сақталуы талапқа сай. Мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі бар, ондағы азық-түліктің түрі берілген тамақпен сәйкес келді. Салмағы талапқа сай.


Берілетін тамақтың ыдысы тексерілді, ұшпаған, бүтін. Зерделеу кезіндегі тамақтың түрі сары май қосылған сүтті манка ботқасы, сүт қосылған какао, ірімшік, нан маймен. Асхана тамағының сапасына, дәмділігіне, тамақ құрамындағы өнімдерге маңызды талап қойылды. Тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ, медбике күніне екі рет дәмін тексеріп отырады, тамақ сапалы өнімдерден жасалған. Зерделеу кезінде қамырға арналған столда сәбіз тұрғандықтан, көкөністердің өз орнында тұруы ескертілді. Зерделеу кезінде буфеттік тағамдардың түрі аз болуына байланысты, буфеттік тағамдар түрін көбейту ұсыныс ретінде айтылды. Шұжық өнімдерін алып тастау ескертілді.
Ұсыныс:
1. Оқушылардың сұранысы бойынша буфеттік тағамдардың түрі көбейтілсін;
2. Ас мәзірінен шұжық өнімдері алынып тасталсын;
3. Асханада қолданатын құралдар мен тағамдар өз орнында қолданылсын;


Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.

Похожие публикации:

21 желтоқсан 2018 Тамақтану айдары
21 желтоқсан 2018 Тамақтану айдары
21 желтоқсан 2018 Тамақтану айдары
19 қараша 2018 Тамақтану айдары
19 қараша 2018 Тамақтану айдары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив