Хаттама » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қазан
2019

Хаттама

Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№6 ХАТТАМАСЫ


Тараз қаласы Мерзімі: 22.10.2019ж.
М.Мақатаев атындағы
№14 орта мектебі
Барлығы: 7
Қатысқаны:7

Күн тәртібінде:
І. Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қазан айы бойынша зерделеу қорытындысы;
ІІ. Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар;
ІІІ. Әртүрлі мәселелер;
І. Тыңдалды: Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қазан айы бойынша зерделеу қорытындысы;
І.І.Сөз алды: мектеп директоры З.К.Нурбалтаева:- асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс мақсаты асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау болғанын атап өтті және жасалынған жұмыстардың қазан айындағы қорытындысы талқыланатындығын айтты.
Комиссия құрамы: Комисия төрайымы мектеп директоры – З.К.Нурбалтаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова, әлеуметтік педагог-С.К.Абдиева, кәсіподақ төрайымы-Г. Е.Сайлауова, ата-ана комитетінің төрайымы-Ералиева М.Т, психолог - А.А.Бекқулиева, медбике-С.Б. Биневова
І.ІІ. Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1262 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны- 17оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1245 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 463 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны- 350 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-113 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-368 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге. Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бракераждық комиссия тобымен бірлесіп асхана жұмысын зерделеу барысында қоймадағы азық-түліктердің сақталуы талапқа сай, тоңазытқыштардың температуралық көрсеткіштері дұрыс, қолданылатын көкөністердің сапасы жақсы. Тамақты санитарлық-эпидемиалогиялық талапқа сай әзірлейді. Қызметкерлердің сырт келбеті талапқа сай, асхана таза.
І.ІІІ. Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова: -Тамақтың түрі: тауық еті қосылған палау, қырыққабаттан салат маймен, лимон қосылған тәтті шай, йогурт, нан. Буфеттік тағамдардың түрі мен сапасы жақсы.Ас мәзіріне қолданылған азық-түліктің сапасы талапқа сай, тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ, бақылау асы тұр.
ІІ. Тыңдалды: Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар
ІІ.І.Сөз алды: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Тастанбекова:-асханада шағымдар мен ұсыныстар журналы ашылған. Қазан айы бойынша 3 ата-анадан ұсыныстар айтылыпты, 3 ата-ана асхана тамақтарының дәмді екендігін айтып, асхана қызметкерлеріне алғысын білдірген.
ІІІ. Тыңдалды: Әртүрлі мәселелер
ІІІ. І. Сөз алды: психолог-А.Бекқулиева:- асханада қолданылатын азық-түліктердің барлығының сапасын растайтын сертификаттары бар. Буфеттік тағамдардың түрін көбейту және көбірек пісірсе деген ұсыныс айтамын-деді.
ІІІ.ІІ. Сөз алды: ата-аналар комитетінің төрайымы –М.Ералиева:-Диспенсердегі балалар ішетін суды уақытында толықтырып отырса, үнемі асхана тазалығын сақтаса деген ескертулер айтар едім-деп өз ойын білдірді.

Шешім:
1.Асхананың жұмысына мониторинг жүргізіп отыру жұмысы жүйелі жүргізілсін;
2.Шағымдар мен ұсыныстар журналына мониторинг жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылсын;
3.Ата-ана мен оқушылардың сұраныстары мен ескертулері уақытында ескерілсін;




Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева
Хатшы: А.Елеуова


Похожие публикации:

20 қыркүйек 2019 Хаттама
09 сәуір 2019 Хаттама №8
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив