20
қаңтар
2020
Тамақтану хаттамасы қаңтар айына
Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№9 ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы Мерзімі: 20.01.2020ж.
М.Мақатаев атындағы
№14 орта мектебі
Барлығы: 7
Қатысқаны: 7
Күн тәртібінде:
І. Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қаңтар айы бойынша зерделеу қорытындысы;
ІІ. Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар;
ІІІ. Әртүрлі мәселелер;
І. Тыңдалды: Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қаңтар айы бойынша зерделеу қорытындысы;
І.І.Сөз алды: мектеп директоры З.К.Нурбалтаева:- Желтоқсан айындағы өткізілген отырыстың шешімі бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталып, ескертулер мен ұсыныстардың уақытында орындалғанын жеткізді.
Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның қаңтар айы бойынша зерделеу қорытындысы мен жалпы асхана жұмысына бақылауды күшейту жұмыстары талқыланатындығын айтты.
Комиссия құрамы: Комиссия төрайымы мектеп директоры – З.К.Нурбалтаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова, әлеуметтік педагог-С.К.Абдиева, кәсіподақ төрайымы-Г. Е.Сайлауова, ата-ана комитетінің төрайымы-Ералиева М.Т, психолог - А.А.Беккулиева, медбике-С.Б. Биневова
І.ІІ. Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1266 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-17 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1249 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 478 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-365 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-113 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-365 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге.
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бракераждық комиссия тобымен бірлесіп 2020 жылдың 20 қаңтар күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы тексерілді, мерзімі өтпеген. Тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтар жарамды, құралдар маркерленген, шеті ұшқан ыдыстарды қолданбау ескертілді, тазалық талапқа сай болды.Асханада күнделікті және апталық ас мәзірі көрнекті жерде бекітіліп, ілініп тұр. Зерделеу күнгі берілген тамақ ас мәзіріне сәйкес болды.
ІІ. Тыңдалды: Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар
ІІ.І.Сөз алды: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова: асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында қаңтар айы бойынша 3 ата-анадан 1алғыс, 2 ата-анадан баласына берілген күріштің кейбіреуі шикі болғандығы және тұшпараның кейбіреуі жөнді піспегендігін (балаларының айтқаны бойынша) шағым жазылған, айтылған ұсыныстар аспазшылармен талқыланып, ескертулер айтылғандығын жеткізді.
ІІІ. Тыңдалды: Әртүрлі мәселелер
ІІІ.І. Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова:- Зерделеу күнгі тамақтың түрі: Сары май қосылған сүтке піскен жүгері ботқасы, какао, сары май мен сыр қосылған бутерброд, сүзбеше, вафли. Тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болмады, азық-түліктің сапасы талапқа сай, ас мәзірі бойынша берілді. Азық - түліктің сапасын растайтын құжаттар талапқа сай.
ІІІ.ІІ. Сөз алды: кәсіподақ төрайымы-Г. Е.Сайлауова:- Сары май қосылған сүтке піскен жүгері ботқасы сұйықтау болғаны айтылып, қоңырау уақытын дұрыс пайдалану ескертілгендігін, шеті ұшқан ыдыстарды қолданбау, ас мәзірін күнделікті уақытында ауыстыру ұсыныс ретінде айтылғандығын жеткізді.
Шешім:
1.Күнделікті ас мәзірі мен тыйым салынған өнімдер тізбесі уақытында
көрнекті жерге ілінсін;
2.Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мен бракераждық комиссия жұмысы жүйелі жүргізілсін;
3.Шағымдар мен ұсыныстар журналына мониторинг жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылсын;
Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева
Хатшы: А.Елеуова