"Мектеп асханасы" акциясының хаттамасы » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектеп асханасы" акциясының хаттамасы
03
ақпан
2020

"Мектеп асханасы" акциясының хаттамасы

Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№10 ХАТТАМАСЫ


Тараз қаласы Мерзімі: 03.02.2020ж.
М.Мақатев атындағы
№14 орта мектебі
Барлығы: 7
Қатысқаны: 6

Күн тәртібінде:

І.«Мектеп асханасы» акциясын ұйымдастыру, іс-шаралар жоспарын құрып, жауапты мұғалімдерді бекіту;
II. Көмек қажет ететін «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тегін тамақтанатын оқушыларға көмек көрсету(жалпы оқушылар);
ІІІ. Мектеп асханасын зерделеу комиссиясының жұмысын бақылау;
IV. Әртүрлі мәселелер

І. Тыңдалды: «Мектеп асханасы» акциясын ұйымдастыру, іс-шаралар жоспарын құрып, жауапты мұғалімдерді бекіту;
І.І. Сөз алды: мектептің әлеуметтік педагогы С.Абдиева:- 2020 жылдың 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында өткізілетін республикалық акциясы аясында мектепте 2020 жылдың 3-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» акциясы өтетіндігін, сол себепті мектепте іс-шаралар жоспары құрылып, жауапты мұғалімдер бекітілгенін хабарлады. «Мектеп асханасы» акциясының мақсаты: мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын бақылау, дұрыс тамақтанудың маңызын ата-аналар мен оқушыларға насихаттау, дұрыс тамақтану мәдениетін сақтау, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбилеу, асхана жұмысын жандандыру екендігін жеткізді. Осы жағдайға байланысты «Мектеп асханасы» акциясы аясында асхананы зерделеу комиссиясының жұмыстары, бракераждық және мониторинг жүргізу комиссиясының жұмыстары бақылауда болатындығын айтты.
І.ІІ. Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова: -«Мектеп асханасы» акциясы аясында оқушылармен дұрыс тамақтану туралы насихат жүргізуді барлық сыныптар бойынша жүргізу керектігін және ата-аналарға да денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтануға, денсаулық құндылығы мен дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
ІІ. Тыңдалды: Көмек қажет ететін «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тегін тамақтанатын оқушыларға көмек көрсету(жалпы оқушылар);
ІІ.І. Сөз алды: ата-аналар комитетінің төрайымы М.Ералиева:-мектепте көмек қажет ететін оқушыларға көмек көрсету, тізімін анықтау, қажеттілігін білу керектігін жеткізді.
ІІІ. Тыңдалды: Мектеп асханасын зерделеу комиссиясының жұмысын бақылау;
ІІІ. І. Сөз алды: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Б.Тастанбекова:-мектепте кезекшілік кестесін, оқушылардың тамақтану кестесін, мектеп асханасының жұмысын, тазалығын комиссия мүшелерімен қорытындылауды ұсынды.
IV.Тыңдалды: Әртүрлі мәлелелер;
ІV.І. Сөз алды: мектеп психологы А.Бекқұлиева:- «Мектеп асханасы» акциясы бойынша іс-шараларды сыныптар бойынша үлестіріп беруді ұсынды.
Шешім:
1.«Мектеп асханасы» акциясы бойынша іс-шара жұмыстары жүйелі жүргізілсін;
2.Көмек қажет ететін оқушылар анықталып, көмек көрсетілсін;
3.Мектеп асханасы жұмысы бақылауда болсын;



Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева

Хатшы: А.Елеуова


Похожие публикации:

25 қараша 2019 Хаттама
22 қазан 2019 Хаттама
09 сәуір 2019 Хаттама №8
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив