Мониторинг қорытындысы » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мониторинг қорытындысы
13
наурыз
2020

Мониторинг қорытындысы

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның наурыз айындағы зерделеу қорытындысы туралы анықтама



         Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау

Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К, ДОІЖО-Тастанбекова Б.М, кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог-Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі- М.Ералиева психолог-Бекқулиева А.А.

Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1262 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-17 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1245 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-469 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-357 оқушы, ата-ана есебіне тамақтанатыны-112 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-389 оқушы. Тамақтың бағасы-   450 теңге. 

 

         Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының 2020 жылдың         12 наурыз күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: мектеп асханасында басшымен бекітілген апталық және күнделікті ас мәзірі көрнекті жерде ілініп тұр, зерделеу кезіндегі тамақтың түрі ас мәзіріне сәйкес келді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы талапқа сай болды, асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық тазалықтары сақталған. Тоңазытқыштағы азық-түліктердің сақталуы, қоймадағы азық-түліктердің сапасы тексерілді, санитарлық нормаға сай болды, құралдар, ыдыстар жеткілікті. 


Зерделеу күнгі тамақтың түрі: ет котлеті, гарнир: қайнатылған күріш, «С» дәрумені қосылған кисель, йогурт «Данон», нан болды. Тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ. Буфеттік тағамдардың түрі жеткілікті, дәмді. Бақылау асы көрнекті жерде тұр. Асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында наурыз айы бойынша 4 ата-анадан ұсыныстар тіркеліпті. Оның барлығы асхана жұмысына қанағаттанарлық деңгейде ойларын білдірген және өз ұсыныстарын жеткізген. Шағымдар мен ұсыныстар журналындағы ескертулер уақытында асхана қызметкерлеріне ескертіліп, дер кезінде орындалып отырылады.Мектеп асханасында сапасыз дайындалған өнімдер мен тамақтар анықталған жоқ, барлық азық-түліктің сапасын растайтын құжаттары бар. Мектеп асханасы аспаздық ыдыстармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, зерделеу барысында жиегі сынған ыдыстарды қолданыстан алып тастау ескертілді. Оқушылардың тамағының сапасын арттыру мақсатында ас мәзіріне «С» дәрумендіру жұмыстарын енгізген. Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында асханада газдалған сусындарды, пастерленбеген сүтті, тез дайындалатын тамақтарды(гамбургерлер, хот-дог, «фаст-фуд» тағамдары, чипсы, кириешка т.б, қуырылған жұмыртқа, бәліш және тағы басқа құрамында генетикалық түрлендірілген ингридиенттері бар өнімдерді қолдануға комиссия мүшелері тарапынан тыйым салынды. 

Ұсыныс:

  1. Мектеп асханасының қызметін зерделеу комиссиясының жұмысы жүйелі жүргізілсін;
  2. Комиссия тарапынан ескертілген кемшіліктер уақытында орындалсын;


Әлеуметтік педагог                                        Абдиева С.К.



Похожие публикации:

02 мамыр 2019 Зерделеу Сәуір
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив