25
ақпан
2020
Мониторинг қорытындысы
М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның ақпан айындағы зерделеу қорытындысы туралы анықтама
Мақсаты: Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын анықтау
Комиссия құрамы: мектеп директоры- Нурбалтаева З.К, ДОІЖО-Тастанбекова Б.М, кәсіподақ төрайымы-Сайлауова Г.Е, медбике- Биневова С.Б, әлеуметтік педагог-Абдиева С.К, ата-аналар комитеті мүшесі- М.Ералиева психолог-Бекқулиева А.А.
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1266 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-20 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1246 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-471 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-361 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны- 110 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-368 оқушы. Тамақтың бағасы- 450 теңге.
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының 2020 жылдың 25 ақпан күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: мектеп асханасының тазалығы санитариялық қағида талаптарына сәйкес, тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайының жасалуы талапқа сай, ыдыстар жеткілікті. Буфеттік тағамдардың бағасын күнделікті қою, күнделікті ас мәзірін уақытында ауыстырып отыру ескерту ретінде айтылды. Асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында ақпан айы бойынша 3 ата-анадан ұсыныстар тіркеліпті.
Оның барлығы асхана жұмысына қанағаттанарлық деңгейде ойларын білдірген және өз ұсыныстарын жеткізген. Шағымдар мен ұсыныстар журналындағы ескертулер уақытында асхана қызметкерлеріне ескертіліп, дер кезінде орындалып отырылады. Мектеп асханасындағы апталық және күнделікті ас мәзірі міндетті түрде бекітілген және ондағы азық-түлік пен беріліп жатқан тамақтың түрі сәйкес келуі үнемі бақылауда екендігін жеткізді. Жеке гигиеналарын сақтау, жұмыс киімдерін таза ұстауды ұсыныс ретінде айтты. Асханаға әкелінетін барлық азық-түліктердің сапасын растайтын құжаттары бар. Буфеттік тағамдардың түрін көбейту, асхана тазалығына үнемі көңіл бөліп отыру керектігін ұсыныс ретінде айтты.
Ұсыныс:
1.Асхана тазалығы мен қызметкерлердің жеке гигиенасы бақылауда болсын;
2.Күнделікті ас мәзірі мен тыйым салынған өнімдер тізбесі уақытында
көрнекті жерге ілінсін;
3.Мектеп асханасының қызметін зерделеу комиссиясының жұмысы жүйелі жүргізілсін;
Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.