05
ақпан
2019
Семинар
2019 жылдың қаңтар айында М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» тақырыбында өткізілген семинар туралы ақпарат
Мектепте 2019 жылдың 21 қаңтар күні «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» тақырыбында 6-8 сыныптар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-А.Мырзалиева, мектеп медбикесі-С.Биневова, әлеуметтік педагог-С.Абдиева, психолог-А.Беккулиева және денсаулық сақтау орталығының мамандарымен бірлескен семинар өтті.
Семинардың мақсаты: білім алушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын насихаттау, дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Семинарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мырзалиева «Жалпы гигиена» туралы және «Дұрыс тамақтанбаудың зияны» туралы дәріс оқыды, мектептің әлеуметтік педагогы «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» тақырыбында дайындаған баяндамасын оқыды, мектеп психологы «Дұрыс тамақтану» тақырыбында кеңестер берді, мектеп медбикесі «Дұрыс тамақтанудың қағидалары» тақырыбында дәріс оқып, білім алушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын насихаттады. Білім алушылар «Дұрыс тамақтану» туралы өз ойларымен бөлісіп, «Дұрыс тамақтану» тақырыбындағы мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, білімдерін жетілдірді.
2019 жылдың қаңтар айында 4,5 сыныптар аралығында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында диктант жаздыру жұмыстары жүргізілді. Диктант жазуға 4 сыныптар аралығында 126 бала қатысты. 5 сыныптар аралығында 152 бала қатысты.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.
Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.