Отбасы тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған жұмыс
8 қыркүйек күні – Отбасы күніне байланысты ата – аналардың мектеппен байланысын күшейту, денсаулығын нығайту, шапшаңдығын арттыру мақсатында ата – аналармен бірлескен спорттық ойындар мен эстафеталық жарыстар өткізілді. Оқушылар отбасымен бірге ойындарға қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп дәлізінде бала тәрбиесі, отбасы және адамгершілік – рухани құндылықтарды насихаттау бағытында «Алғысымды арнаймын қылқаламмен» тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді.
Мектепте ата-аналарға қажетті ақпарат беру және туындаған сұрақтарға жауап беру мақсатында ата- аналар жиналысы өтті.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарабекова Майра Жолшанқызы сынып жетекшілер, ата-аналар, оқушылардың қатысуымен «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» атты семинар сабақ өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында адамгершілік, рухани тәрбие және кәмелет жасқа толмай ерте жастан жүкті болудың алдын алу аясында 8-11 сыныптар арасында емхана дәрігерлерімен кездесу болды.
Кездесуге №7 қалалық емхананың акушер –гинеколог маманы И.А. Мухамедиярова қыздарға дене бітімі дамымаған қыз балалардың жүкті болған жағдайда баланың мүгедек болып, туылатыны, қоғам мен ата-ана көзқарасы туралы айтты.
№7 емхана психологы К. Сейсенбаева ерте жүктілік: ия және жоқ тақырыбында лекция оқып, «Жүктіліктің алдын алу» парақшаларын таратты.
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты 8-9 сыныптар арасында тәлімгер флэшмоб ұйымдастырды. Отбасылық «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында спорт сайысы өтті.
Мектеп психологы Мырзалиева Алия Майконқызы 11сынып оқушыларымен «Өзін-өзі тану» тренингін өткізді.
Ата-аналар балаларымен бірлескен жұмысқа тарту мақсатында мектепте оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен «Ең үздік сурет, газеттер» байқауы өткізіліп, I орынды 11сынып оқушысы Әбілқасым Аида анасымен, II орынды 6 сынып оқушысы Оңғарбаев Еркебұлан, III орынды 5сынып оқушысы Омаров Дінмамат иеленді.