Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие жұмысы
«Ұлы дала елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн тақырыбында «Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында 2 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы, ұйымдастырылды.
«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Ата заң-Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында 4 «Ә» сынып жетекшісі Рысқұлбекова Ә, 3 «Ә» сынып жетекшісі Калкулова Нейляның ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары өткізілді.
Қараша айында мектепішілік «Алтын күз – 2016» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға технология пәні мұғалімі Л.Тленшиева өз оқушыларының қолдан жасалынып тігілген сән үлгілерін көпшілікке көрсетті.
Желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қала көлемінде және мектепішілік «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында дарынды оқушылардың салған суреттерінен сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Музыка пәнінің мұғалімі Суханов Қайрат Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген қалалық фестивальге дарынды оқушыларын Аманбаева Әсем мен Бостанова Әсемді патриоттық әнге дайындап, қатыстырды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті
Мектепішілік «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында 8 – 10 сыныптар арасында өткізілген плакат байқауында 11 «А» сынып оқушысы А.Әбілқасым І орынды иеленді. Жетекшісі М.Қарабекова.
4-6 сынып оқушылары
арасында «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста!» тақырыбында бейнелеу өнері пәні
мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сурет байқауы өткізілді. 4 «Ә» сынып оқушысы
Дүйсенбек Бексұлтан ІІІ орынды, 6 «А»
сынып оқушысы Оңғарбаев Еркебұлан Алғыс хатпен марапатталды. ЖетекшісіБ.Т.Сайлаубекова.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген қалалық фестивальге технология мен бейнелеу өнері пәні мұғалімдері көрме ұйымдастырды. Көрмеге 7 «В» сынып оқушысы Алтыбай Ақтоты жетекшісі Л.Тленшиева, 5 «Ә» сынып оқушысы Абдулла Аллан жетекшісі Г.Есмурзаева, 3 «А» сынып оқушысы Пірназар Ляззат жетекшісі Ұ.Айтбаева, 4 «Г» сынып оқушысы Сауқынбек Камшат жетекшісі П.Умирзақова оқушылардың қолдан жасаған бұйымдарын көрмеге қойып, келген көпшілікке көрсетті.
Тәуелсіздікке 25 жыл:кеше, бүгін, ертең. тақырыбында 10 «А» сынып жетекшісі Шайыхсламова А, 9 «Ә» сынып жетекшісі Бекбергенова Ж ашық тәрбие сағатын өткізді.
Егеменді еліміздің тұңғыш президентті Н.Ә.Назарбаевтың бүгінге дейінгі жасаған ерен еңбегі туралы, тәуелсіз еліміздің күн санап гүлденуі елбасының кеменгерлігінің нәтижесін паш ету, жастарды елжандылыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Ел үшін туған азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар елбасы туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.
Жасұландықтар өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, ата-бабаларымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту мақсатында патроттық «Тәуелсіз Қазақстан-менің мақтанышым» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.«Мен патриот-жасұланмын» атты «Жас ұлан» ұйымының 5 жылдығына орай мектебіміздің оқу озаттарын ұйымға қабылданды.Жас Ұландықтар» ұйымның қатарына кіре отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндет, талап, ережелерімен танысты.. Жаңа қабылданып отырған «Жас ұландықтар» АНТ қабылдады.
Мектебіміздің директоры З.С.Абитаева «Жас Ұланға» жаңадан қабылданған оқушыларды құттықтап, мектебіміздің қонақтары мен ұлағатты ұстаздары оқушыларға туымыз түстес көк галстук пен төсбелгілерін тақты.
2011 жылдың 11 ақпан күні «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының XIII Сьезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен назар аудару керектігін және Республика әлемінде жүйелі жұмыс жасайтын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын құру керектігіне жете тоқталып кеткен болатын. Басты мақсат – балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік – психологиялық қабілеттерін ашу, яғни қоғаммен еркін араласып, адамдармен оңай тіл табысып, көппен бірге жұмыс жасауға үйрету.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының басты міндеттері:
- Білім саласында жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктер мен мекемелердің бірыңғай тәрбие беру кеңістігінде Қазақстанның балалар қозғалысының үндестігін құру;
- Тәрбие беру саласының күрделі мәселелері мен оңтайлы тәрбие беру жұмысының жүйелі қоғамдық жұмысын жүргізу;
- Бірінші деңгей – 2-4 сынып оқушылары (Жас Қыран) қатарына:
- Екінші деңгей – 5-10 сынып оқушылары (Жас Ұлан) қатарына алынады.
Осыған орай, аталған ұйымның ашылғанына көп бола қоймаса да «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларымыздың саны біршама артқан. Атап айтсақ, былтыр яғни 2015 – 2016 оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымына – 52 оқушы, «Жас Қырандықтар» қатарына 26 оқушы болса, биылғы жылы «Жас Ұлан» ұйымының құрамына -40 оқушы, «Жас Қырандықтар» қатарына -20 оқушы қабылданды. Барлығы 128 жасұландықтарға артты.
|
2015-2016 оқу жылы |
«Жас ұлан» |
Оқушы саны |
52 |
|||
«Жас Қыран» |
26 |
||
2 |
2016-2017 оқу жылы |
«Жас ұлан» |
40 |
«Жас Қыран» |
20 |
||
Барлығы 138оқушы |
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап «Жас Ұлан» ұйымы «Бабалар арманы»атты сахналық қойылым көрсетті.
2016-2017 оқу жылында «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік қлубы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді . Мақсаты: жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады
1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
2) оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;
3) оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
4) оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
1.«Адал ұрпақ» клубына мүше болған оқушылар саны-10
2.Дайындалған «парасатты азамат» бұрыштары -1
3.Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы-1
4. «Қазақстан құқықтық мемлекет» айлығы- Ардагерлерімен кездесу -1, дөңгелек үстел-1
5.Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы -6.«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны-1
7.«Жемқор-лық құқық бұзушылықтардың Картасы» жобалар байқауы –3
8.Театр-лық қойылым –1
9.Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы 1 10.«Транспаренттік және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы -1
2016-2017 оқу жылында Мемллекеттік рәміздерді насихаттауды жүзеге асыру үшін жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді.
Кыркүйектің 1-30 аралығында «Қазақстандық паротизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие» айлығын өткізу туралы бұйрық шығарылды.
Жоспар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілді. Әр дүйсенбі күні «Саяси күн »болып белгіленіп, бірінші сабақта Мемлекеттік Әнұран орындалады. Барлық сынып Мемлекеттік рәміздердің мазмұнын мен Әнұранның мәтінін меңгерген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында «Менің елімнің рәміздері» тақырыбында сауалнама алынды. 2-11 сынып оқушылары 98 пайыз білетіні анықталды.
Салтанатты жиындарда, спорттық жарыстарда Мемлекеттік Әнұран мен Тудың пайдалану ережелері толық сақталады.
«Қазақстан елінің нышандары» тақырыбында 8-10 сыныптар арсында шығарма байқауы өтіп,10 «Ә» сынып оқушысы Тұрсынбай Эльнура,9 «В»сынып оқушысы Шайықбекқызы Гүлданның шығармалары үздік деп танылды.
АӘД мұғалімі Баимбетав Алмат караша айында «Қорғаныс – тәуелсіз мемлекеттің маңызды нышандарының бірі»тақырыбында 10 «А» ашық тәрбие сағатын өткізді.