Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиеге бағытталған жұмыс
«Еңбек, экономикалық және зкологиялық» тәрбие айлығында мектепішілік іс – шаралар жоспары бекітіліп, фойеде сурет көрмелері ұйымдастырылып, плакат байқауы өткізілді.
№14 орта мектебінде 5 - 8 сыныптар арасында сенбіліктер өткізілді. Әр сынып өздеріне бекітілген ауланы арықтардың ішін қоқыстар мен жапырақтардан тазартып, ағаштардың түптерін қосытты. Барлық сынып жетекшілер мен оқушылар сенбілікке белсене қатысты. Қалалық«Жасыл әлем» акциясы бойынша мектеп ауласына 15 бөрте гүл (сирен) ағаштары отырғызылды.
Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбиеге бағытталған жұмыс
Мектебімізде «Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық» тәрбиеге байланысты онкүндік жоспары жасалынып бекітілді. Қысқы каникул кезінде оқушыларға арналған іс – шаралар ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пән мұғалімдері мен үйірме жетекшілері жоспар бойынша қызықты эстафеталық ойындар, футболдан жарыс ұйымдастырды. «Қылқалам шеберлері» үйірмесінің жетекшілері 3 – 4 сыныптар, 5 – 6 сыныптар арасында сурет байқауын ұйымдастырды. «Ұлттық қолөнер» үйірме жетекшісі оқушылардың қолдан жасалынған қолөнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жыл толуына орай мектепте тағылымды кездесулер, танымдық кештер, мұражайға экскурциялар, ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру,ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін,қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету мақсатында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
5 «А» сынып жетекшісі:Бесенова Маржан «Ғасырдың дара перзенті»тақырыбында ашық тәрбие сағаты, 3 «Е» сынып жетекшісі: Елеуова Гүлзада «Қонаев – ғасыр адамы»тақырыбында ашық тәрбие сағатын, 4 «Г»сынып жетекшісі Сапарбекова Айман «Қонаев- дара тұлға» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттарында Қонаев туралы видиофильмдер көрсетіліп, ол туралы оқушылар естеліктерін, өлеңдерін оқып, туған жер, отан тақырыбында әндер шырқады.
10 қаңтар-10 ақпан күндері аралығында мектеп жасындағы балаларды оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа келмеудің алдын алу, сондай-ақ материалды жағдайы төмен отбасыларды тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту мақсатында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды.
Аз қамтылған әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына көмек көрсетуге бағыттау мақсатында мектепте 23-24 қаңтар аралығында 6,7,8 сыныптар арасында жәрменке ұйымдастырылды. Жәрменкеде оқушылардың қолдан жасаған бұйымдары, бисермен жасаған жұмыстар, қолдан пісіріп алып келген тағамдары сатылымға түсті.
Мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің акцияға қосқан үлесі өте жоғары дәрежеде өтті. Жәрмеңке барысында оқушылар белсенділік танытып эстетикалық талғамға сай «Жас аспазшы» формасын сақтай білді. Жәрменкеден түскен қаржыға Именов Қуанжан 9 «Ә» сыныбы, Әзіралиев Омархайам 9 «Б» сыныбы, Омарова Гауһар (опек) 1 сынып оқушысына ақшалай көмек көрсетілді.Мейрамбек Сұңғат 3 «Е» сыныбы, Құралов Дидар 4 «Д» сыныбы, Қыдырбай Албина 1 «Ә» сыныбы, Пәренов Дінмұхамәд 2 «Д» сыныбы, Әбу Жанерке 4 «Б» сынып оқушыларына сурет альбомы, түрлі-түсті қағаз,қарандаштар мен қаламсаптар берілді. «ЖасҰлан» ұйымының оқушыларының ұйымдастыруымен «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама өткізілді.
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу мақсатында «Жүрегі –жыр Пейілі-поэзия» атты әдеби кеш өткізілді.
Оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, әндерін айтты.Бастауыш сынып оқушылары арасында да «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы өскелең ұрпақты қазақстандық патротизм рухына тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған қалалық «Жайдарлы Жас Ұлан» интелектуалды сайысына қатысып, өз өнерлерін көрсетіп дипломмен марапатталды.
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Жігіт сұлтаны-2017» байқауы өткізілді.Байқау 7-8 сыныптар арасында өткізілді. Байқауға 9 үміткер қатысып, 5 бөлім бойынша сынға түсіп, мақтау қағаздармен марапаталды.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі комплекстік жоспарын башылыққа ала отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарламасын орындау мақсатында мектеп бойынша жоспар құрылып, бекітілді. 1мамыр Қазақстан Халқының бірлігі мен ынтымастығы күні мерекесіне орай мектепте іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоспар бойынша әр сатыда сынып сағаттары өткізілді. Қазақстан Халқының бірлігі күніне сурет көрмелері, «Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз!» тақырыбында әр ұлт өкілдерінің фестивалі өткізілді.
«Қазақстан –біздің ортақ үйіміз» тақырыбында 4 – 5 сыныптар арасында асфальтқа сурет салу байқауы, «Қазақстан жолы - бейбітшілік пен келісім жолы», «Біз – бір шаңырақ астындағы тұтас елміз» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Сынып жетекшілер 1-4 сыныптарында «Менің Отаным - Қазақстаным» атты тәрбие сағаттарын, 5-8 сыныптарда «Татулық, бірлік, достық жасасын!» сынып сағаттары өткізілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 жылдығына арналған «Қазақстан татулық пен бірліктің мекені» атты «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының мерекелік концерті өткізілді. Мектеп кітапханасында Ассамблеясы жылына арналған тақырыптық кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Өскелең
ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін
насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу мақсатында
«Айгөлек» ән байқауы өткізілді.
Мектептен тыс және балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен Қалалық слетте қоғамдық жұмысқа белсене
қатысқаны үшін мектеп тәлімгері А.Ж.Қарабекова Алғыс хатпен және ұйым мүшелері
мақтау қағаздармен марапатталды.