Патриоттық айлығына арналған жұмыс » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Патриоттық айлығына арналған жұмыс
19
маусым
2017

Патриоттық айлығына арналған жұмыс


Өз отанына  шексіз  берілген, патриоттық  рухы  жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, Ауған соғысында опат болғандардың  рухына тағызым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Ауған соғысының отты жылдары» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Патриоттық айлығына арналған жұмыс

 

Оқушылар Ауған соғысынан қайтпай қалған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзған бұл Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды. Ержүрек ағалардың ерліктерін үлгі тұта отырып, Ауған соғысы ардагерлері: Кузенбаев Ешенқұл Берданұлы, Елшібаев  Мәулен Тілеуқабылұлы, Исабеков Әділбек  Кебекұлы ағаларымызбен кездесу өткізілді. Оқушылар ардагер ағаларымызға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кеш соңы мерекелік концертпен аяқталды.

            24-27 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің              25 жылдығына орай өткізілетін іс-шараның жоспары жасалынып, бекітілді. Кітапханашылар  «Менің Отанымның рәміздері» атты көрме ұйымдастырды.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығына  арнап  АӘД пәнінің мұғалімі Баймбетов Алмат оқушылар арасында  бірыңғай  ақпараттық сессиялар шеруін өткізді. Шеруге Мемлекеттік Ту алынып шығып, әнұран орындалды.

 


Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 25 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімі Уразбаева Жансая 5сынып оқушыларымен  ашық тәрбие сағатын өткізді.


Оқушыларды  әскери  қызметке деген  қызығушылығын арттыру, әскери  өнердің қыр сырын ұғындыру, Отанына деген сүйіспеншілігін  арттыру мақсатында  Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Баймбетов Алмат 17-21 сәуір аралығында 10 сынып оқушыларымен 5 күндік оқу дала жиынын өткізді. Оқушылар 5 күндік оқу дала жиынын 01731 әскери бөліміне барып, тактикалық  дайындықты, саптық дайындықты, әскери топографияны жәнеде соғыс уақытында жаумен жақын шайқаста қандай  іс-әрекет жасауларын  толық ұғынды.

29.04.2017ж күні оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру мақсатында әскери-спорттық жарыс ойындары өткізілді.

 

Ойын 4 кезең бойынша өткізілді:

1.Пневматикалық қарудан ату

2.АКС-74 автоматын шашып жинау

 

 

3.Газ тұмылдырық кию

4.100 метр қашықтыққа жүгіру

03.05.2017ж күні Оқушыларға  патриоттық тәрбие бере отырып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағызым етуге,батыл да батыр ер жүрек болуға үйрету мақсатында «Ұлттық әскеріміз-Тәуелсіздік тірегі», «Әскер –елдің айбыны»атты патриоттық кеш  өткізілді. Оқушылар патриоттық әндер орындап, Отан туған  жер туралы, өлеңдер оқыды.

04.05.2017ж күні ССРО –Германия соғысына қатысқандардың және тыл ардагерлерінің ерлігі мен  қайсар рухына бас иіп, құрмет көрсету, жастарды Отанды сүюге, ерлікке, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында «Ұрпақтар диалогы»акциясы әскери қызметкерлермен кездесу өткізілді.

 

Кездесуге 01731 әскери бөлімнен под полковник Нұрбеков және капитан Жұматай мырзалар келіп, оқушылармен сұхбаттама өткізді.

«Ұлы Жеңістің 72 жылдығына» ұйымдастырылған акция барысында мектептен тыс және балалар шығармашылық орталығында соғыс ардагерлермен кездесу өтті.

Патриоттық айлығына арналған жұмыс

 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив