Рухани –адамгершілік тәрбие беруге бағытталған жұмыстар
«Рухани – адамгершілік» тәрбие айлығына арнап жоспар құрылған, жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды.Оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылдығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, эстетикалық талғамын, достық сезімін, қайырымдылық, көңіл көтере білу сезімін, әдемілікке тәрбиелеу мақсатында «Күзгі балл-2016» байқауы өткізілді. «Күзгі балл» байқауына 7-8 сынып оқушылары қатысты.Байқау 5 кезең бойынша өткізілді. Жеңімпаздар алғы хаттармен марапатталды.
Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру, азаматтық патриоттық сезімдерін, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында 1-8.10.16ж аралығында«Қамқорлық» акциясы өткізілді. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы «Жас Ұлан» отырысында қаралды.
Мектеп тәлімгері «Жас Ұландықтарға» ізгі ниет, ақкөңілмен жасалған әр істеріңде ізгіліктің ізі бар екенін, мұқтаж адамдардың жанына қуаныш сыйлай білсеңдер бұл үлкен сауапты іс екенін түсіндірді. Жақсылық жасау әр адамның ісі екенін жасұрпаққа түсіндіру ұстаздар және ата-аналардың міндеті. «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары Н.Тлендиев атындағы мектеп-интернатында өткізілген мерекелік іс-шараға қатысып, жағдайы төмен балаларға мектеп құралдарын көмек ретінде табыстады.
Қарттардың қоғамдағы орынын тәлім-тәрбие, өнеге көзі екенін түсіндіру. Оқушыларды әдептілікке, ата-ана борышын ақтауға, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге,адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қарты бар ел –қазыналы ел» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Қарттардың қоғамдағы орынын тәлім-тәрбие, өнеге көзі екенін түсіндіру. Оқушыларды әдептілікке, ата-ана борышын ақтауға, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге,адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қарты бар ел –қазыналы ел» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.№6 мектеп оқуыларымен біріге отырып Қант ауылының қарт кісілерін қонаққа шақырып, мерекелік концерт ұйымдастырып,естелікке суретке түсті. Қарт кісілер өздерінің ризашылықтарын білдіріп алғыс айтты.