Тамақтану есебі
М.Мақатаев атындғы №14 орта мектеп бойынша наурыз айына асханада тамақтану есебі
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1262 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-17 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1245 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 469 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-357 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны- 112 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-389 оқушы. Тамақтың бағасы- 450 теңге.
№ | Бар лық оқу шы саны | Үйде оқи тын оқу шы саны | Мектепте оқитын оқушы саны | Ыстық тамақ пен қамтыл ған оқушы саны | % | Оның ішінде : | Буфеттік тамақпен қамтылған оқушылар саны | % | |||
Мемлекет қаражаты есебінен тамақтанатын аз қамтыл ған отбасы ның балалар саны | % | Ата-анасы ның есебінен тамақ танатын балалар саны | % | ||||||||
1 | 1262 | 17 | 1245 | 469 | 38 | 357 | 76 | 112 | 24 | 389 | 31 |
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының және бракераждық комиссиясының 2020 жылдың 12 наурыз күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: мектеп асханасында басшымен бекітілген апталық және күнделікті ас мәзірі көрнекті жерде ілініп тұр, зерделеу кезіндегі тамақтың түрі ас мәзіріне сәйкес келді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы талапқа сай болды, асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық тазалықтары сақталған. Тоңазытқыштағы азық-түліктердің сақталуы, қоймадағы азық-түліктердің сапасы тексерілді, санитарлық нормаға сай болды, құралдар, ыдыстар жеткілікті. Зерделеу күнгі тамақтың түрі: ет котлеті, гарнир: қайнатылған күріш, «С» дәрумені қосылған кисель, йогурт «Данон», нан болды. Тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ. Буфеттік тағамдардың түрі жеткілікті, дәмді. Бақылау асы көрнекті жерде тұр. Асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында наурыз айы бойынша 4 ата-анадан ұсыныстар тіркеліпті. Оның барлығы асхана жұмысына қанағаттанарлық деңгейде ойларын білдірген және өз ұсыныстарын жеткізген. Шағымдар мен ұсыныстар журналындағы ескертулер уақытында асхана қызметкерлеріне ескертіліп, дер кезінде орындалып отырылады.
Мектеп асханасында сапасыз дайындалған өнімдер мен тамақтар анықталған жоқ, барлық азық-түліктің сапасын растайтын құжаттары бар. Мектеп асханасы аспаздық ыдыстармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, зерделеу барысында жиегі сынған ыдыстарды қолданыстан алып тастау ескертілді. Оқушылардың тамағының сапасын арттыру мақсатында ас мәзіріне «С» дәрумендіру жұмыстарын енгізген. Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында асханада газдалған сусындарды, пастерленбеген сүтті, тез дайындалатын тамақтарды(гамбургерлер, хот-дог, «фаст-фуд» тағамдары, чипсы, кириешка т.б, қуырылған жұмыртқа, бәліш және тағы басқа құрамында генетикалық түрлендірілген ингридиенттері бар өнімдерді қолдануға комиссия мүшелері тарапынан тыйым салынды.
Ұсыныс:
- Мектеп асханасының қызметін зерделеу комиссиясының жұмысы жүйелі жүргізілсін;
- Комиссия тарапынан ескертілген кемшіліктер уақытында орындалсын;
Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.