22
қазан
2019
Тамақтану есебі
М.Мақатаев атындғы №14 орта мектеп бойынша қазан айына асханада тамақтану есебі
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1262 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-17 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1245 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 463 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-350 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны- 113 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-368 оқушы.
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының және бракераждық комиссияның 2019 жылдың 22 қазан күнгі асхана жұмысын зерделеу барысында қоймадағы азық-түліктердің сақталуы талапқа сай, тоңазытқыштардың температуралық көрсеткіштері дұрыс, қолданылатын көкөністердің сапасы жақсы. Тамақты санитарлық-эпидемиалогиялық талапқа сай әзірлейді. Қызметкерлердің сырт келбеті талапқа сай, асхана таза.
Тамақтың түрі: тауық еті қосылған палау, қырыққабаттан салат маймен, лимон қосылған тәтті шай, йогурт, нан. Буфеттік тағамдардың түрі мен сапасы жақсы.Ас мәзіріне қолданылған азық-түліктің сапасы талапқа сай, тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ, бақылау асы тұр.
Қазан айы бойынша 3 ата-анадан ұсыныстар айтылыпты, 3 ата-ана асхана тамақтарының дәмді екендігін айтып, асхана қызметкерлеріне алғысын білдірген. Асханада қолданылатын азық-түліктердің барлығының сапасын растайтын сертификаттары бар. Буфеттік тағамдардың түрін көбейту және көбірек пісірсе деген ұсыныс айтылды. Диспенсердегі балалар ішетін суды уақытында толықтырып отырса, үнемі асхана тазалығын сақтаса деген ескертулер айтылды.
Ұсыныс:
1. «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қорынан тегін тамақтанатын әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың сапалы тамақпен қамтылуы үнемі бақылауда болсын;
2.Ас блогының қызметкерлері жеке гигиена тазалықтарын сақтасын;
Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.