25
желтоқсан
2019
Тамақтану есебі
М.Мақатаев атындғы №14 орта мектеп бойынша желтоқсан айына асханада тамақтану есебі
Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1266 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны- 17оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1249 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны- 468 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны- 357 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-111 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-369 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге.
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бракераждық комиссия тобымен бірлесіп 2019 жылдың 25 желтоқсан күндеріндегі асхана жұмысын зерделеу барысында асхана қызметкерлері санитариялық қағида талаптарының сақталуын күнделікті бақылауда ұстайды. Тоңазытқышта, қоймада азық-түліктің сақталуы талапқа сай. Тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтар жарамды. Асханада «Бақылау асы» көрнекті жерге орналастырылған, «Дұрыс тамақтану» бұрышы бар, апталық ас мәзірі және күнделікті ас мәзірі бар.
Зерделеу күнгі тамақтың түрі: ет котлеті, гарнир: піскен қарақұмық, сәбізден салат маймен, вафли, «С» дәрумені қосылған кептірілген жеміс компоты, нан. Асханадағы азық-түліктің сапасы талапқа сай, дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ, мөлшері дұрыс.
Асханада шағымдар мен ұсыныстар журналы ашылған. Желтоқсан айы бойынша 4 ата-анадан ұсыныстар айтылыпты, ата-аналар асхана тамақтарының дәмді екендігін айтып, асхана қызметкерлеріне алғысын білдірген. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар. Күнделікті ас мәзірінің көрнекті жерде ілінуі және буфеттік тағамдардың бағасының болуы ескерту ретінде айтылды. Самса етінің сапасын жақсарту, балалар тоқашының дәмін келтіру, қоңырау уақытын жүйелі пайдалану ұсыныстары айтылды.
Ұсыныс:
1. Тәуліктік сынамаға қойылған тағамның күні, атауы жазылсын;
2. Күнделікті ас мәзірі көрнекі жерге уақытында ілінсін;
3. Комиссия мүшелері тарапынан болған ескертулер уақытында орындалсын;
Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.