24
қаңтар
2019
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
Бүгін М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп кітапханасында «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында тақырыпқа сай шығарма жазу және кез келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Нәтижесінде үздік шығарма жазып, өзгелерден оқ бойы озық шыққан 4 «Д» сынып оқушысы Алпысбай Аяулым Бас жүлдені жеңіп алса, 4 «Ә» сынып оқушысы Бисалиева Айдана, 4 «В» сынып оқушысы Пірназар Аянат, 4 «Г» сынып оқушысы Мақсұт Алуа І,ІІ,ІІІ орындардан көрінді. Ал, мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Бас жүлдеге 3 «А» сынып оқушысы Асқарбек Мағжан қол жеткізсе, І,ІІ,ІІІ орындарды 3 «Ә» сынып оқушысы Бәсира Амина, 3 «В» сынып оқушысы Тұрғынбай Аңсаған, 3 «Б» сынып оқушысы Әскербек Мерей өзара бөлісті.