16
қаңтар
2020
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу»
М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп кешенінде 7-8 сынып білім алушыларының қамтылуымен мектепке бекітілген №21 мобильдік топ жетекшісі, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры М.Б.Теміржановпен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге келген Мақсұт Бубарханұлы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс – қоғамның басты назарында екендігін, қазіргі кезде ұялы телефнға қатысты ұрлық, топтық төбелес, қасақана дене жарақатын салу оқиғалары жиі орын алуда екендігін айтып, білім алушыларды құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ жүруге шақырды.