«Қамқоршылық кеңес» » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қамқоршылық кеңес»
24
қаңтар
2019

«Қамқоршылық кеңес»

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте 12.12.2018 жылы «Қамқоршылық кеңес» алдындағы мектеп инспекторының есебі тыңдалды. Мектеп иснпекторы Кокишев Дамир Бекежанұлы, 2018-2019 оқу жылының қыркүйек, қазан, қараша айлары бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы баяндады.
І.Көтерілген мәселелер:
1.Түнгі уақытта ата-ананың немесе заңды өкілінің ертіп жүруінсіз жасөспірімдердің көшеде, ойын-сауық орталықтарында түнгі сағат 2300-ден кейін жүріп ұсталуы;
2.Мектеп оқушыларының сабақтан кейін үйге қайтпай, үйге кеш баруы. Ата-аналардың баланың қайда жүргендігінен бейхабар болуы;
3.Мектепке қымбат смартфондар мен ұялы телефондарды алып келуге тыйым салуды бұзу.
ІІ. Мәселелердің шешілу барысы:
1.Мектеп инспекторына жасөспірімдер жиі жиналатын аллея мен компьютерлік клубтарға рейдік іс-шаралар жүргізу қажет;
2.Аймақтағы шырқы бұзылған отбасында тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерді анықтау жұмыстары жүргізілу керек;
3.Мектепішілік рейдтік іс-шараларды күшейту қажет. (сұққыш, кескіш, улағыш т.б. зиянды заттардың алдын алу).
ІІІ. Мектеп инспекторының жұмысын жетілдіру бойынша берілген ұсыныстар:
1. Күнделікті оқу ауысымы кезінде мектеп аумағына бақылау жасауды күшейту;
2. Мектеп маңында орналасқан «Салем», «Роза» дүкендерінде оқушылардың денсаулығына немесе өміріне қауіп тудыруы мүмкін зиянды заттардың сатылуына жол бермеу шараларын жүргізу;
3. Мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын күшейту.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив