24
қаңтар
2019
«Бұзақылық – қылмысқа бастар жол»
М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінде 07.12.2018 жылы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Бұзақылық – қылмысқа бастар жол» тақырыбында ұлдар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шараға шақырылған №21 мобильдік топ мүшелері, Тараз қаласы, №2 ПБ полиция капитаны А.Танабаев және мектеп инспекторы Д.Кокишев жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар туралы, ҚР Қылмыстық Кодексінің (80-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы; 140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау; 188- бап. Ұрлық; 191 бап. Тонау; 192-бап. Қарақшылық.) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдеріне қатысты (127, 434, 435, 442) баптары туралы сөз қозғап, оқушыларға кез-келген құқық бұзушылықтардан аулақ болу керек екендігін баса айтса, мектеп директоры З.К.Нурбалтаева мектеп оқушыларын білімді болуға, тәртіпсіздікке бой алдырмай, мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзбауға, ойыннан туындайтын ұсақ бұзақылықтарға жол бермеуге шақырды.