"Әкелер бізде қонақта" тақырыбында өткізіліп жатқан онкүндік аясында "Спортсүйер әкеден - салауатты балаға" атты мектеп спорт залында 3-4 сынып білім алушылары және олардың әкелерінің қатысуымен спорттық жарыс өткізілді. Жарыс соңында жеңімпаз атанған білім алушылар мен әкелер марапатталды.