"Мектеп асханасы" акциясының қорытындысы » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектеп асханасы" акциясының қорытындысы
27
ақпан
2020

"Мектеп асханасы" акциясының қорытындысы

2019-2020 оқу жылының ақпан айында М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте өткізілген «Мектеп асханасы» акциясының қорытындысы туралы анықтама

М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте 2019-2020 оқу жылының 3 ақпан мен 27 ақпан аралығында республикалық «Мектеп асханасы» акциясы жарияланып, жоспары құрылып, жауаптыларға жүктелді. «Мектеп асханасы» акциясының мақсаты: мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын бақылау, дұрыс тамақтанудың маңызын ата-аналар мен оқушыларға насихаттау, дұрыс тамақтану мәдениетін сақтау, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбилеу, асхана жұмысын жандандыру екендігін жеткізді. Акция аясында ата-аналар мен білім алушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын насихаттау мақсатында ата-аналарға «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында семинар, 6-8 сынып оқушы- ларымен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында жиын өткізілді. Мектептің әлеуметтік педагогы С.Абдиева ата-аналарға «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында семинар өткізіп, денсаулық әркімнің өз қолында, денсаулық адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық, денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын, сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты және жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болатындығы туралы кеңінен насихаттады. Мектептің медбикесі С.Биневова ата-аналар мен білім алушыларға дәрумендердің пайдасы мен денсаулыққа зиянды тағамдарды атап айтып, таратпа материалдар таратты. Ата-аналар егер отбасы мүшелері белгілі себептерге байланысты аптаның жұмыс күндері жиыла алмайтын болса, онда сенбі немесе жексенбі күндерінің бірінде бас қосатындай болып, отбасылық тағамды дәстүрге айналдыру керек екендігі, осындай дұрыс ұйымдастырылған отбасылық тағамның маңызы ерекше зор,оның маңызы тағамды ішіп-жеу тиімділігінде ғана емес, әсіресе отбасының ішкі ахуалына, бірлігіне жақсы әсер ететіндігі, дәстүрлі жақсы әдет қалыптасатындығы, балаларға да пайдалы үлгі болатындығы туралы өз ойларымен бөлісті.



М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте 2019-2020 оқу жылының ақпан айында «Мектеп асханасы» акциясы аясында дұрыс тамақтанудың маңызын насихаттау мақсатында 9 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Білім алушылар дастарқанның жалпы көрінісі, оның әсем жасалуы, тағамдарды бір-бірімен үйлестіріп, рет-ретімен беру тәбеттің ашылуына жақсы әсер ететіндігі, тәбет жақсы ашылса тағам да жақсы сіңетіндігі туралы, дұрыс тағамдану үшін қазіргі кезде жиі кездесетін жылдам әзірленетін тағамдардан бас тарту қажет екендігі туралы, егер дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз көтеріле түсетіндігі және қандай да аурулар болмасын, олардың алдын алуға болатындығы туралы өз ойларымен бөлісті.



М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте 2019-2020 оқу жылының ақпан айында «Мектеп асханасы» акциясы аясында бастауыш сыныптарда білім алушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын насихаттау, дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін жаңғырту арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары өткізілді.

Оқушылар тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс екендігін, тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетінін түсінді.



Әлеуметтік педагог Абдиева С.К.


















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив