11
ақпан
2019
Қамқорлық акциясы
«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясының қорытынды ақпараты
Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрлігінің №6-15-3/59-И хатына сәйкес, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің хабарлаған шығыс хатын негізге алып, мектепте 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпаны аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы жарияланып, іс-шаралар жоспары құрылды және №41 бұйрық бойынша жауаптылар бекітілді.
Комиссия төрайымы: мектеп директоры-З.К.Нурбалтаева
Комиссия мүшелері: ДОІЖО-А.Т.Тортбаева, ДТІЖО-А.М.Мырзалиева, әлеуметтік педагог-С.К.Абдиева, тәлімгер-Н.Ж.Суханова, психолог-Ж.Т.Жумабекова, ата-ана комитеті-М.Ералиева
«Қамқорлық» акциясының мақсаты: әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер(киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Осыған орай, мектепте аз қамтылған, көп балалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және денсаулығына байланысты үйде оқитын 8 оқушыға ата-аналардың демеушілігімен, 11 оқушыға мектеп ұжымының демеушілігімен сабаққа керекті оқу-құрал, азық-түлік және жеміс-жидек үлестірілді. Тараз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көмек көрсетілу мақсатында 7 азқамтылған оқушының тізімі берілді.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс-адамзатқа тән құбылыс. «Қайырымдылық жасасаң- қайырымын өзің көресің» - деп дана халқымыз айтқандай адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көмек көрсетуге ниет білдірген барлық демеушілерге алғыс айтамыз. Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
Әлеуметтік педагог: Абдиева С.К.