Тамақтану хаттамасы наурыз айына
Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жекелеген санаттағы оқушыларға көмек көрсету комиссиясы отырысының
№12 ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы Мерзімі: 12.03.2020ж.
М.Мақатаев атындағы
№14 орта мектебі
Барлығы: 7
Қатысқаны: 7
Күн тәртібінде:
І. Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның наурыз айы бойынша зерделеу қорытындысы;
ІІ. Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар;
ІІІ. Әртүрлі мәселелер;
І. Тыңдалды: Асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның наурыз айы бойынша зерделеу қорытындысы;
І.І.Сөз алды: кәсіподақ төрайымы Г. Е.Сайлауова:-«ақпан айындағы отырыстың шешімі бойынша жасалған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күн тәртібінде асханада тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның және бракераждық комиссияның наурыз айы бойынша зерделеу қорытындысын талқылайтын боламыз»-деді. Мектеп асханасында басшымен бекітілген апталық және күнделікті ас мәзірі көрнекті жерде ілініп тұр, зерделеу кезіндегі тамақтың түрі ас мәзіріне сәйкес келді.
І.ІІ. Сөз алды: әлеуметтік педагог С.Абдиева:- Мектеп бойынша барлық оқушы саны-1262 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-17 оқушы, мектепте оқитын оқушылар саны-1245 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны-469 оқушы, «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен тамақтанатыны-357 оқушы, ата-ана есебінен тамақтанатыны-112 оқушы, буфеттік тағаммен тамақтанатыны-389 оқушы. Тамақтың бағасы-450 теңге. Мектептегі асханада тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеріп, мынандай жағдайды анықтадық: мектеп асханасының санитарлық жағдайы талапқа сай болды, асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық тазалықтары сақталған. Тоңазытқыштағы азық-түліктердің сақталуы, қоймадағы азық-түліктердің сапасы тексерілді, санитарлық нормаға сай болды, құралдар, ыдыстар жеткілікті.
І.ІІІ.Сөз алды: мектеп медбикесі С.Биневова:-зерделеу күнгі тамақтың түрі: ет котлеті, гарнир: қайнатылған күріш, «С» дәрумені қосылған кисель, йогурт «Данон», нан болды. Тамақтың дәмін тексеру кезінде кемшіліктер болған жоқ. Буфеттік тағамдардың түрі жеткілікті, дәмді. Бақылау асы көрнекті жерде тұр.
ІІ. Тыңдалды: Шағымдар мен ұсыныстар журналының мониторингі және қолданылған шаралар
ІІ.І.Сөз алды: ата-ана комитетінің төрайымы М.Т.Ералиева: - асханада шағымдар мен ұсыныстар журналында наурыз айы бойынша 4 ата-анадан ұсыныстар тіркеліпті. Оның барлығы асхана жұмысына қанағаттанарлық деңгейде ойларын білдірген және өз ұсыныстарын жеткізген. Шағымдар мен ұсыныстар журналындағы ескертулер уақытында асхана қызметкерлеріне ескертіліп, дер кезінде орындалып отырылады.
IІІ. Тыңдалды: Әртүрлі мәселелер;
IІІ.І. Сөз алды: мектеп психологы А.Бекқұлиева:- мектеп асханасында сапасыз дайындалған өнімдер мен тамақтар анықталған жоқ, барлық азық-түліктің сапасын растайтын құжаттары бар. Мектеп асханасы аспаздық ыдыстармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, зерделеу барысында жиегі сынған ыдыстарды қолданыстан алып тастау ескертілді. Оқушылардың тамағының сапасын арттыру мақсатында ас мәзіріне «С» дәрумендіру жұмыстарын енгізген. Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында асханада газдалған сусындарды, пастерленбеген сүтті, тез дайындалатын тамақтарды(гамбургерлер, хот-дог, «фаст-фуд» тағамдары, чипсы, кириешка т.б, қуырылған жұмыртқа, бәліш және тағы басқа құрамында генетикалық түрлендірілген ингридиенттері бар өнімдерді қолдануға комиссия мүшелері тарапынан тыйым салынды.
Шешім:
- Мектеп асханасының қызметін зерделеу комиссиясының жұмысы жүйелі
жүргізілсін;
- Ата-аналар тарапынан болған ескертулер мен ұсыныстар уақытында
ескерілсін;
Отырыс төрайымы: З.К.Нурбалтаева
Хатшы: А.Елеуова