21
қаңтар
2020
"Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен пікірсайыс ұйымдастырды
М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп кешенінде 20.01.2020 жылы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ДОІЖО А.Ж.Нұртанов "ІІ тоқсан оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы" туралы сөз алса, мектеп психологтары Ж.Т.Жұмабекова, А.Ә.Бекқұлиева "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен пікірсайыс ұйымдастырды. Ал, ДТІЖО М.М.Жаппасбаев "Құқықтық мемлекет құру - әр жанұяның парызы", "Терроризмнің алдын алу туралы ата-аналарға арналған жаднама" тақырыптарында баяндама жасады.