МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
М.Мақатаев атындағы №14 орта мектепте барлығы 112 мұғалім жұмыс істейді. Жоғары білімді – 106, арнайы-орта білімді – 6 мұғалім. Оның ішінде жоғары санатты-12, бірінші санатты-9, екінші санатты-8, санаты жоқ-22. Педагог-модератор мұғалімдер-28, педагог-сарапшы-20, педагог-зерттеуші-14.
2019-2020 оқу жылында мектеп бойынша 1262 білім алушы білім алатын болса, 15 білім алушы ТДО сыныптарда оқиды. Мектепалды даярлық сыныптарда 94 білім алушы оқыды. 1- сыныптарда 137 білім алушы, 2 білім алушы үйден оқиды. 42 үздік, 60 екпінді, білім сапасы – 47,1%. 2- сыныптарда 131 білім алушы, 1 білім алушы үйден оқиды. 37 үздік, 57 екпінді, білім сапасы – 71,71%. 3- сыныптарда 130 білім алушы, 1 білім алушы үйден оқиды. 34 үздік, 57 екпінді, білім сапасы – 69,5%. 4- сыныптарда 128 білім алушы, 30 үздік, 61 екпінді, білім сапасы – 71%. 5 - сыныптарда 143 білім алушы, 1 білім алушы үйден оқиды. 17 үздік, 78 екпінді, білім сапасы – 66,4%, 6- сыныптарда 164 білім алушы, 5 білім алушы үйден оқиды. 18 үздік, 86 екпінді, білім сапасы – 63,4%, 7- сыныптарда 110 білім алушы, 7 үздік, 64 екпінді, білім сапасы – 64,5%, 8- сыныптарда 105 білім алушы, 2 білім алушы үйден оқиды. 4 үздік, 64 екпінді, білім сапасы – 64,7%, 9- сыныптарда 100 білім алушы, 2 білім алушы үйден оқиды. 2 үздік, 64 екпінді, білім сапасы – 66,7%. 10- сыныптарда 60 білім алушы, 1 үздік, 39 екпінді, білім сапасы – 66,8%. 11- сыныптарда 27 білім алушы, 1 үздік, 16 екпінді, білім сапасы – 64,3%.
2019-2020 оқу жылында 11 сынып бітіретін оқушылар саны 27, оның ішінде 26 оқушы ҰБТ тапсыруға баратын болса, 1 оқушы өз еркімен қатыспайды. 2018 – 2019 оқу жылында 25 оқушы 11 сыныпты бітірді. 1 оқушы өз еркімен отбасы жағдайларына байланысты және ата-анасының келісімімен ҰБТ-ға қатыспады. 2018-2019 оқу жылында ҰБТ екі кезеңмен өткізілді. 24 маусым күні өткен І кезеңге 11 білім алушы қатысса, ІІ кезеңге 13 білім алушы қатысты. Жалпы екі кезең бойынша 24 білім алушы қатысты, 24 оқушының 8 шығармашылық таңдаса, 11-оқушы математиканы, 3-оқушы биологияны, 1-оқушы дүниежүзі тарихын, 1-оқушы қазақ тілін таңдады. ҰБТ – ға кешіккен және тестілеу кезінде тәртіп бұзған оқушылар болған жоқ. ҰБТ қорытындысы бойынша екі кезеңде орта балл – 83,1 құрады.
Жалпы мектеп бойынша 193 озат, 660 екпінді білім алушы бар. Білім сапасы - 68,2%. Өткен оқу жылмен салыстырғанда 2,4 % өскен. Былтырғы оқу жылында мектептің білім сапасы 65,8% құраған болатын.
Мектеп бойынша 1039 білім алушы мектепшілік үйірмеге қатысады, ол 82 % құрайды. Шығармашылық үйірме саны 7. Жалпы мектеп бойынша шығармашылық бағыттағы үйірмелерге – 602 білім алушы қамтылды: «Жас суретші» үйірмесі – 3 сыныптарда – 75 оқушы, «Домбыра» үйірмесі – 4 сыныптарда – 90 оқушы, «Қылқалам шеберлері» үйірмесі – 4 сыныптарда – 90 оқушы, «Балауса» би үйірмесі – 3 сыныптарда – 83 оқушы, «Маусымжан» би үйірмесі – 6 сыныптарда –114 оқушы, «Шахмат» - 5 сыныптарда –90 оқушы, «SMART - SARBAZ» үйірмесі – 9 сыныптарда - 60 оқушы қамтылды.
Ал мектептегі пәндік үйірмелер саны – 6. Пәндік үйірмелерге - 362 білім алушы қамтылды. 1. «Ертегілер елінде» үйірмесі – 1 сынып жетекшілерінде - 90 оқушы. 2. «Қызықты математика» үйірмесі – 1 сынып жетекшілерінде - 90 оқушы. 3. «Тіл дамыту» үйірмесі – 2 сынып жетекшілерінде - 90 оқушы. 4. «Физика практикумы» - 11 «А» сыныбы – 18 оқушы. 5. «Қазақ тілі практикумы» - 11 «Ә» сыныбы – 14 оқушы. 6. «Діни сауаттылық негіздері» 8 сыныптарда – 60 оқушы қамтылды.
Мектеп бойынша барлық кітап қоры – 40713. Әдеби кітаптар – 8143, оқулықтар саны – 31711 дана.
Мектеп бойынша ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны -353, 1-4 сыныптар-172, 5-9 сынып-175; 10-11 сынып -6; Көп балалы отбасы-233, көп балалы жанұядан шыққан оқушы саны-574; Аз қамтылған отбасы-52, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы саны-68; Қамқорлықтағы оқушы саны-3, жетім-2, патронат тәрбиесінде-5; Толық емес отбасы-91, толық емес отбасынан шыққан барлық оқушы саны-107; Үйде оқылатын оқушы барлығы- 18.
Оқу жылы барысында Жамбыл облыстық спорт мектебінің демеушілігімен 8 «А сынып» оқушысы Омаров Дынмаматқа-35 000(отыз бес мың) теңге көлемінде материалдық көмек, 6 «А» сынып оқушысы Омаров Дилмухамедке-35 000( отыз бес мың) теңге көлемінде материалдық көмек, 4 «А» сынып оқушысы Омарова Гаухарға-10 000(он мың) теңге көлемінде киім, 7«Г» сынып оқушысы Көмекбай Балжанға-10 000(он мың) теңге көлемінде спорттық киім мен аяқ киім, 5«Д» сынып оқушысы Көмекбай Елубайға- 10 000 (он мың) теңге көлемінде спорттық киім мен аяқ киім, 6 «А» сынып оқушысы Уалихаийм Темірланға-5 000(бес мың) теңге көлемінде оқу-құрал берілді.
«Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және патронат тәрбиесіндегі бекітілген тізім бойынша 6 оқушыға қыстық киім берілді.
Мектеп бойынша мектеп ұжымының «Қамқорлық» акциясы аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11А сынып оқушысы Ахметов Дарханға бір айлық «125» оқу орталығының қаражаты төленіп берілді
«Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен өгей әкесімен немесе өгей анасымен тұратын қыздар отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайына байланысты тегін тамақпен және қыстық киіммен қамтылды. Олар: 7Г сынып оқушысы Қаюм Әдемі, 5В сынып оқушысы Сембай Айзада. Оқушылардың тұрмыс жағдайы анықталып, тексеру актісі жазылды және әлеуметтік жағдайларының төмендігін сипаттайтын дәлелдеме құжаттары түгелденді.
«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы аясында ата-аналардың демеушілігімен үйде оқитын көпбалалы отбасынан шыққан 8Б сынып оқушысы Алдамберген Нұралыға 10 000(он мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Мектептің материалдық-техникалық базасына тоқталатын болсақ, 2019-2020 оқу жылында 28 сынып бөлмелері компьютермен жабдықталды. Жалпы мектеп бойынша 35 компьютер интернет желісіне қосылған. 48 оқу сынып кабинеттері, балалар тіс дәрігерлік бөлмесі, кітапхана, алғашқы көмек көрсету бөлмесі, егу бөлмесі, мәжіліс залы, спорт зал, асхана, ұлдар шеберханасы, қыздар шеберханасы, ғимарат дәліздері, ішкі әжетханалар және сыртқы әжетхана толықтай әктеліп, сырланып, боялып (косметикалық) жұмыстары жүргізілді.
Мектеп ғимараттарының жылу жүйесіне, барлық жылу батареяларына және трубаларына қысым беру арқылы тексеріліп акт жасалынды. Өрт сөндіру құрылғыларына жөндеу және шатырға өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жаз айларында мектептің сыртқы қоршауы толығымен темір қоршаулармен қоршалады, оқу ғимаратының 800 шаршы метр аумағы асфальт төсеніштерімен төселеді. Мектептің трансформатор дүңгіршегі ағымды жөндеуден өтеді. Мектеп ауласында орналасқан түнгі жарық беретін электр бағаналары ағымды жөндеуден өткізіледі. Бас ғимараттың спорт залы мен мәжіліс залының төбесі жұмсақ жабындымен жабылады.