22
қазан
2019
№3 Қамқоршылық кеңестің отырысы
"Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес, М.Мақатаев атындағы №14 мектепте қамқоршылық кеңес құрылған. Бүгін 21.10.2019 жылы іс-шаралар жоспарына сәйкес №3 қамқоршылық кеңес отырысы ұйымдастырылып, күн тәртібінде "Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша есебі", "Мектеп инспекторының қамқоршылық кеңес алдындағы жұмыстары туралы есебі" тыңдалды. Кеңес отырысына Тараз қалалық білім бөлімінің бас маманы, әдістемелік кабинет жетекшісі Г.Ж.Атакулова мен білім бөлімінің бас маманы Қ.И.Үкібасов келіп қатысты. Кеңес соңында камқоршылық кеңес төрағасының орынбасары, ата-ана Қ.С.Самиева сөз алып, мектеп директоры мен мектеп инспекторының жұмыстарына "жақсы" деген баға берді.
