Ережені бекіту туралы №57 н бұйрығына сәйкес мектебіміздің 10 «Ә» сынып білім алушысы Сәрсенгелді Арайлым «Балалар өкілі» болып сайланғандығын хабарлаймыз. » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ережені бекіту туралы №57 н бұйрығына сәйкес мектебіміздің 10 «Ә» сынып білім алушысы Сәрсенгелді Арайлым «Балалар өкілі» болып сайланғандығын хабарлаймыз.
28
қараша
2020

Ережені бекіту туралы №57 н бұйрығына сәйкес мектебіміздің 10 «Ә» сынып білім алушысы Сәрсенгелді Арайлым «Балалар өкілі» болып сайланғандығын хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2020 жылғы 25 тамыз күнгі «Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерінің жұмысы бойынша Ережені бекіту туралы  №57 н бұйрығына сәйкес мектебіміздің 10 «Ә» сынып білім алушысы Сәрсенгелді Арайлым «Балалар өкілі» болып сайланғандығын хабарлаймыз.  
Балалар өкілдіктері өз қызметін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Заңдарына, қолданыстағы заңнамаға, балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясатқа және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу;
3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.
Балалар өкілдіктерінің құзыреттері:
1) білім беру ұйымдарында, қалалар мен аудандарда балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешуге қатысу;
2) көмекке мұқтаж балаларды анықтау;
3) балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған іс-шаралардың жобалары мен жоспарларын әзірлеу және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ұсыну; 
4) балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау және ұсынымдар әзірлеу үшін конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру;
5) бала мүддесі үшін мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуын жандандыруға жәрдемдесетін әдістемелік, ақпараттық және басқа да материалдарды әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасының әртүрлі балалар қоғамдық бірлестіктері мен мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейту және нығайту;
7) балалар мүддесінде Халықаралық балалар қоғамдық қозғалысы мен халықаралық әріптестікті дамыту;
8) әлеуметтік желілерде Балалар өкілдіктерінің қызметін, білім беру ұйымдарындағы, қалалар мен аудандардағы балалық шақтың өзекті мәселелерін жариялау.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerFling
5 Ақпан 2023 10:26
Частый после этого xbox 360 ведьмак
klsieolwerFling
5 Ақпан 2023 13:20
Частый на сайте скачать wanted weapons of fate