Мектеп басшысының есебі » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп басшысының есебі
27
мамыр
2024

Мектеп басшысының есебі

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №14 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ



Мектеп 731 оқушымен 2023-2024 оқу жылын аяқтады.  Мектепте жалпы 86 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде педагог-шебер- 3, Педагог-зерттеуші -17, педагог-сарапшы - 20, бірінші санат - 3, педагог-модератор - 32, Педагог - 8, Екінші санат – 3. Сапалық құрамы – 50 %. Барлық педагогтер біліктілікті арттыру курстарынан толық өткен. Жалпы мектептің білім сапасы – 64 %

Мектепте білім алушыларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында 40 бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген. Мектеп жедел басқару орталықтарына қосылған. 

Мектепке «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді. Сонымен қатар ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды.

      Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі, HR+ психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, психология ғылымдарының кандидаты Г.Вероцкаяның «Бестерек» жобасы арқылы психологтарымыз жұмыс жүргізді. .

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап арнайы санаттағы отбасылардан шыққан және 1-4 сыныптар арасында 390 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 

Мектепішілік 7 үйірме жұмыс жасайды, 175 білім алушы қамтылған. Мектептен тыс үйірмелерге 262 білім алушы тартылған. 

2023-2024 оқу жылында мектепте «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы», «Жақсылық» жобалары жұмыс жасады. 

2023-2024 оқу жылында мектеп білім алушылары мен педагогтері біршама жетістіктерге жетті. Атап көрсететін болсақ: 

  • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының хатына сәйкес 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен өткізілді. Мектеп бойынша 12 білім алушы қатысты. Нәтижесінде математика пәні бойынша 6 сынып білім алушысы Серікбай Аяулым ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Шимбулатова Г. Ағылшын тілі пәнінен 6 сынып білім алушысы Сейдилда Шахмардан ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Бекбергенова Ж. 
  • Орыс тілі пәнінен 6 сынып білім алушысы Махат Али-Мансур ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Утебаева Ж. Қазақстан тарихы пәні бойынша 5 сынып білім алушысы Файзрахман Бекарыс ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Абдикеримова У. 
  • Қазақстан тарихы пәні бойынша 6 сынып білім алушысы Шертай Кәусар ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Балабаева А.
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алушылардың олимпиадасының ІІ кезеңіне 7-8 сыныптардан мектеп бойынша 11 білім алушы қатысты. Нәтижесінде      7-8 сыныптар бойынша ағылшын тілі пәнінен 8 сынып білім алушысы Аманбай Гүлназ ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Борбаева Р. Математика пәнінен 8 сынып білім алушысы Бикиева Айдан ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Жаппарова Р. Математика пәнінен 7 сынып білім алушысы Бикиева Айдан ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Мукашова Б.  Биология пәнінен 7 сынып білім алушысы Алдаберген Аяулым ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Тастанбекова Б. 
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алушылардың олимпиадасының ІІ кезеңіне 9-11 сыныптардан мектеп бойынша 25 білім алушы қатысты. Нәтижесінде 19-20 желтоқсан күндері 9-11 оқушылары арасында жалпы пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының ІІ (қалалық) кезеңіне мектеп бойынша 10 пәннен 21 білім алушы қатысты. Пән олимпиадасының қорытындысы  бойынша қалалық олимпиадаға қатысқан 21 білім алушының ішінен биология пәнінен 11 сынып білім алушысы Икрамқұл Серіжан (жетекшісі: А.Дүйсенбаева),  химия пәнінен 10 сынып білім алушысы Бектенов Ринат (жетекшісі: Г.Амирбекова) ІІІ орын иеленсе, қазақ тілі пәні бойынша 9 сынып білім алушысы Бекей Қарақат (жетекшісі: Қ.Жайлаубаева), 11 сынып білім алушысы Есім Нұрбану (К.Байдырахманова) ІІІ орын, қазақстан тарихы пәні бойынша 9 сынып білім алушысы Сейділда Жанерке (жетекшісі: А.Жамалбек) ІІІ орын иеленді. Жалпы мектептен 9-11 сыныптар бойынша барлығы 5 білім алушы пән олимпиадасынан орын алды. 
  • “Zerdeli” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш білім алушылары арасында математика пәнінен “Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңінен мектебіміздің 4 сынып білім алушылары Турлыбеков Айдос І орын, Урынбасар Лунара ІІІ орын иеленді. Жетекшілері: Бастауыш сынып мұғалімдері Сайлаубекова Рая Тұрсынбекқызы мен Байбосынова Майра Байташовна.  
  • «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген  «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына 162 білім алушы қатысып,  126 білім алушы жүлделі орын алды. 38 оқушы І орын, 69 оқушы ІІ орын, 19 оқушы ІІІ орын иеленді. 
  • «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген   “Кенгуру - математика барлығы үшін” интеллектуалдық ойын-конкурсына мектеп бойынша 124 білім алушы қатысса, 88 білім алушы орын алды. Оның ішінде І орынды 77 білім алушы, ІІ орынды 7 білім алушы, ІІІ орынды білім алушы жеңіп алды. Қалған білім алушылар жүлдесіз қалды. Бастауыш сыныптар бойынша қатысқан жалпы білім алушылар саны – 47, оның ішінде орын алған білім алушылар – 17. І орын алған білім алушылар – 10, ІІ орын алған білім алушылар – 3, ІІІ орын алған білім алушылар саны – 4. Бастауыш сыныптар бойынша 30 білім алушы жүлдесіз қалды.  Сәуір айында өткізілген ойын-конкурсынан барлығы 43оқушы,  І орын - 6, ІІ орын - 28, ІІІ орын - 9 иеленді. 
  • 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілген қалалық «Бауыржан оқулары» байқауында Қабдрахмет Нұрай ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Умирбаева А.
  • Қалалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген «Сиқырлы қыс» сурет байқауынан Орынбасар Лунара ІІІ орын иеленді.
  • Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты өткізілген спорттық ойында 10 сынып оқушысы Алдаберген Дәулет ІІІ орын иеленді. 
  • «Эко-күнтізбе» ережесіне сәйкес «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы облыстық байқаудың қалалық кезеңінде «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем» бағыты бойынша 7 сынып оқушысы Жаппасбай Кәусар ІІ орын иеленді. 
  • «Ұлттық ойындар» атты жас суретшілердің қалалық көркемсурет байқауында 13-15 жас аралығында Ермахан Алиансар, Файзрахман Бекарыс ІІІ орын иеленді. 
  • «Жаңа Қазақстан балалар көзімен» атты жас суретшілердің қалалық көркемсурет байқауында 11-12 жас аралығында Оразбек Диана ІІ орын иеленді. 
  • Қалалық «Бақытты балалық шақ» үздік сурет байқауында 5-7 сынып оқушылары арасында Жаппасбай Кәусар ІІ орын иеленді. 
  • «Тәуелсіздік тірегім» атты жас суретшілердің қалалық көркемсурет байқауында 14-15 жас аралығында Усибалиев Расул ІІІ орын иеленді. 
  • 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Тұрлыбек Айдос ІІІ орын иеленді. 
  • «23 сәуір – Халықаралық кітап күніне» орай «Кітап – болашаққа мұра, оқырманға аманат» атты акцияда 8 сынып оқушысы Қабдрахмет Нұрай ІІ орын иеленді. 
  • Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Тарихы терең, келешегі кемел құтты мекен» шығармалар байқауында 4 сынып оқушысы Әбілхан Нұрали ІІ орын иеленді. 
  • «Өнер сыры өрнекте» облыстық балалар сурет байқауында Нургазиева Маржан ІІ орын иеленді. 

Мектеп педагогтерінің жетістіктеріне келетін болсақ: 

  •      «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген  «Педстарт» республикалық олимпиадасынан математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша 41 педагог жүлделі орындарды иеленді. 


  • “Zerdeli” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде екі мұғалім жетістік биігінен көрінді. Олар: Тулегенова Г., Қарауылбаева Ш. 
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар» , «Ғылым және білім проблемалары: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар халықаралық конференцияға қатысып, 14 педагог жеңімпаз атанды. 
  • Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» халықаралық конференцияға қатысып, 3 педагог жеңімаз атанды. 
  • Пән мұғалімдері арасында өткізілген қалалық «Үздік бейнесабақ» байқауына қатысқан бастауыш сынып мұғалімі Н.Нұрмұханбетова жүлделі ІІІ орынды иеленді. 
  • ҚР Тәуелсіздігі күніне орай білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бекбергенова Ж.С., биология пәні мұғалімі Агибаева А.А. Жамбыл облысы білім басқармасының құрмет грамотасы және Тараз қаласы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив