Вакансия конкурс » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Вакансия конкурс
06
қараша
2024

Вакансия конкурс

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ бос орындарға конкурс 
ЖАРИЯЛАЙДЫ

Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жауғаш батыр №71 
Эл.почта: Makataev14@mail.kz
Тел.: 8 (7262) 46-61-04

Бос лауазымның атауы: 
1. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1 орын. 

Бос лауазымның мерзімі: негізгі  

Конкурсқа қатысуға өтініштер мен құжаттар 2024 жылдың 06-14  қараша аралығында  қабылданады. 

Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 21579 болып тіркелген).  
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік. 

Лауазымдық міндеттері: 
- Мектептің ішкі ережесінің сақталуына жауапты;
-Білім алушылардың сабақа уақтылы келуін, кетуін қадағалау;
-Қиын оқушылармен жұмыс жасау, ОДН қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасайды; 
-  Қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігі мен сапасын тексереді;
- Әлеуметтік қауіпті топтар оқушыларының мектепішілік есепке алуын қадағалау, жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен қызмет істейтін ұйымдармен мектептің байланысы;
-Кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірімдер комиссия отырысына құқық бұзған білім оқушыларды қатыстырады;
- Шырқы бұзылған жанұя және ата-аналармен жұмыс жүргізеді; 
-Девианттық мінез – құлықты балаларды есепке алу, олармен тиісті жұмыс жасайды;
- КТІЖБ-мен  наркологиялық, СПИД, СӨС орталықтарымен, құқық органдарымен байланыс;
- Діни экстремизм және оның алдын-алу жолдарын жүргізеді;
-Терроризмге қарсы әрекет ету;
- Суицидтің алдын-алу іс шараларын бақылайды; 
- Тұрмыстық зорлық зомбылық;
- Рейд жұмыстарын (түнгі рейд) ұйымдастырады.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының орындалуы; 
- Қамқоршылық кеңестің жұмыстарын жүргізеді;
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын білім алушыларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасылмалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету жұмыстарын жүргізеді ;
-Айына кемінде 8 сабаққа қатысады;
- АӘД, дене шынықтыру пәндерінің ұйымдастырылуы және бақылайды;
- Біртұтас тәрбие функциясын атқару;
- Әкелер кеңесінің жұмысын жүргізу; 
3. Білуге тиіс: 
       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогика және психология негіздері;
       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; 
      педагогикалық этиканың нормалары;
       экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; 
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
      4. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.     

Білуге тиіс:
      -Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      -педагогика және психология негіздері;
     - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
      -педагогикалық этиканың нормалары;
      -экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері
      -еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

          Біліктілікке қойылатын талаптар:-    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;-    "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.          Еңбек ақы төлеу мөлшері:  172014теңге 

Ескерту: еңбек ақы еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес есептеледі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив