«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ бос орынға конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ бос орынға конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ
19
қыркүйек
2023

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ бос орынға конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ бос орынға конкурс 
ЖАРИЯЛАЙДЫ

Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жауғаш батыр №71 
Эл.почта: Makataev14@mail.ru
Тел.: 8 (7262) 46-61-04

Бос лауазымның атауы: 
1. Педагог-кәсіби бағдар беруші - 1 орын. 

Бос лауазымның мерзімі: негізгі орын 

Конкурсқа қатысуға өтініштер мен құжаттар 2023 жылдың 19-28  қыркүйек аралығында  қабылданады. 

ҚАЖЕТТІ  ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
     4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ: 
•    мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
•    оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;•    білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;•    қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;•    ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;•    кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;•    кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;•    белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;•    балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;•    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.      Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
      психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
      компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
      педагогикалық этика нормалары;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
      
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 124586 теңге 
    Ескерту: еңбек ақы еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес есептеледі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив