АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
21
қыркүйек
2021

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарылыс қаупі  бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі адамдарға   арналған жаднама

Табылған заттың жарылыс қаупі  болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері: 

  1. машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
  2. машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;
  3. бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы; 
  4. табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);
  5. Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін. Жарылғыш құрылғылар үшін камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.


Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз: 

  1. қоғамдық көлікте


қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға  тырысыңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге (машинистке және т.б.) хабарлаңыз.



  1. үйіңіздің кіре берісінде:


көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз. 


3) көшеде, саябақта және т. б.: 


- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, полиция қызметкерлеріне немесе тікелей ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз;

- құқық қорғау органдары келгенше затты бөгде адамдардан оқшаулауға тырысыңыз. Олар келген соң зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.


4) мекемелерде, ұйымдарда


тауып алған зат туралы объект әкімшілігі басшысына дереу хабарлаңыз. 


Мыналарға тыйым салынады:


- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;

- табылған бөгде затты пайдалануға; 

- заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға; 

- көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.; 

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға; 

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

- табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив