23
ақпан
2024
Жамбыл облысы Тараз қаласының №14 орта мектебінде 23 ақпан күні "Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет" тақырыбында өткізілген сейсможаттығу
Жамбыл облысы Тараз қаласы №14 орта мектебінде 23 ақпан күні
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында өткен
сейсможаттығудың қорытындысы туралы
МӘЛІМЕТ
Мектеп 1976 жылы соғылған. Ыңғайластырылған тобына жатады. Ғимарат төменгі және жоғарғы сыныптар бөлімінен тұрады.
Төменгі сыныптар бөлімінің биіктігі 17метр 5 этаждан тұрады.
Жоғарғы сыныптар бөлімінің биіктігі 11 метр 3 этаждан тұрады.
Мектепте барлығы 6 авариялық есіктер бар, олардың бір мезгілде 80 адам өткізуге болады.
Ғимараттың жалпы көлемі 25357кв.м 750 оқушыға есептелініп салынған. 1-ші қабатта панажай үшін ыңғайластыруға тек 4 бөлме және 2 бөлмесі және спорт залы бар.
Сейсможаттығу бір ауысым бойынша сағат 11:00-де өткізілді. Жаттығу өту барысында сабақ басталғаннан кейін, Жамбыл облысы Тараз қаласы төтенше жағдайлар департаментінен қала көлемінде дабыл беріліп, оқушылар мен мектеп қызметкерлері тез арада мектепті босатып, ғимараттың алдына ашық алаңға шығарылды. Жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз аймақ, ашық алаң болып табылады.
Жаттығу сабақ уақытында барлық оқушылардың қатысуымен өткізілді. І ауысым бойынша 19 сыныптан 341 оқушы қатысты. Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында белгі берусіз тосын жағдай кезінде жаттығу орындалды. Ережеге сәйкес дабыл басталды деп белгі берілген кезде мұғалімдер «Эвакуация! Көшіру!»-деп өз оқушыларын мектептің қауіпсіз жері, ғимараттың алдына ашық алаңға алып шығарды. Әр сыныптың топ басшылары білім алушыларын түгендеп, АҚ штаб бастығына келіп баяндама берді.
АҚ штаб бастығы: А.Ж.Нұртанов

