МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ » СШ №14
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-61-04
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-61-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
30
қараша
2022

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ бос орындарға конкурс жариялайды!

Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі» КММ

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жауғаш батыр №71 
Эл.почта: Makataev14@mail.ru
Тел.: 8 (7262) 46-61-04
Бос лауазымның атауы: 
1. Қазақ тілінде оқытылатын математика пәнінің мұғалімі - 1 орын. 

Бос лауазымның мерзімі: уақытша декреттік орын 

Конкурсқа қатысуға өтініштер мен құжаттар 2022 жылдың 18-қарашадан бастап  28-қараша аралығында  қабылданады. 

Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 21579 болып тіркелген).  
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда); 
10. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.


Лауазымдық міндеттері: 
-Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді; 
       -Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады; 
       -Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды;  
       -Электронды журналдарды толтырады;  
      -Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді; 
      -Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; 
      -Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; 
       -Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. 
      -Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады; 
      -Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды;  
      -Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. 
      -Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
      -Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды; 
      -Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;  
      -Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; 
      -Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді;  
      -Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
        Білуге міндетті: 
       -Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді; 
       -педагогика мен психологияны;  
       -пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;  
       -оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды;  
      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары; 
       -санитарлық ережелер мен нормаларды.

        Біліктілікке қойылатын талаптар:
-    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.          Еңбек ақы төлеу мөлшері: 74150 – 120 000 теңге Ескерту: еңбек ақы еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес есептеледі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerFling
5 Ақпан 2023 10:31
Детальнее после этого xbox fan xbox 360
klsieolwerFling
5 Ақпан 2023 12:51
Развернуто здесь скачать игру мадагаскар 3